• Пт. Мар 13th, 2026
Популярные метки

Қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам

Автор:admin

Мар 13, 2026

Сайрам тұрғын алабындағы №112 мектепте жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған жергілікті тұрғындармен кездесу өтті. Іс-шара барысында қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайту, сондай-ақ Ата заңға енгізілетін өзгерістердің мәні мен маңызы кеңінен талқыланды.
Кездесуге Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев қатысып, Конституцияның жаңа редакциясындағы негізгі өзгерістер мен оның қоғам дамуына тигізер ықпалы жөнінде жан-жақты баяндады.
Спикер өз сөзінде жаңартылған Конституция ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған маңызды құжат екенін атап өтті. Оның айтуынша, Ата заңның жаңа редакциясы қазіргі заман талаптарына, қоғамның сұранысына және мемлекеттің стратегиялық даму мақсаттарына толық сәйкес келеді.
– Жаңа трансформациялық қоғам жағдайында бізге жаңарған Конституция қажет. Қазақстанның жаңа Конституциясы әлеуметтік мемлекет қағидаттарын нығайтып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды нормаларды қамтиды. Бұл мемлекет әрбір азаматтың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға жауапты екенін айқындайды. Бүгінгі жастар білім мен ғылымға ұмтылып, құқықтық тұрғыдан сауатты болуы керек. Адал еңбек етіп, қоғамнан өз орнын табуы тиіс, – деді Батырбек Қаратайұлы.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасында дәстүрлі ұлттық құндылықтарды сақтау, отбасы институтын нығайту және қоғамдық келісімді одан әрі дамытуға бағытталған жүйелі өзгерістер қарастырылғаны айтылды.
Сонымен қатар Ата заңдағы «әлеуметтік мемлекет» тұжырымдамасы азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауға, халықтың осал топтарына қолдау көрсетуге және қоғамдағы әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге бағытталғаны атап өтілді.
Іс-шара соңында қатысушылар ел болашағы үшін өз таңдауын жасап, жаңа Конституцияға қолдау білдіретіндерін жеткізді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *