• Ср. Янв 21st, 2026
Популярные метки

Автор:admin

Янв 19, 2026

ШЫМКЕНТ: WALLI PACK КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Кездесу барысында Шымкент қаласында зауыт салу жоспары талқыланды. Жоба пластмасса бұйымдарын, оның ішінде ПЭТ-бөтелкелерді өндіруге бағытталған.

Жобаның жалпы инвестиция көлемі 1 500 000 АҚШ долларын құрайды. Өндірістің жобалық қуаттылығы 6 000 000 АҚШ доллары. Зауыт салу үшін 1 гектар жер учаскесі қарастырылып, 10 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Аталған жоба өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға, инвестициялық ахуалды жақсартуға және жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға ықпал ететін болады.

Сонымен қатар, зауыттың іске қосылуы қала экономикасының дамуына оң әсерін тигізіп, отандық өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *