• Пт. Дек 19th, 2025
Популярные метки

ЖЕТІСАЙ: АУДАН БАСШЫСЫ МӘЖІЛІСТЕ НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

Автор:admin

Дек 19, 2025

Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, полиция, аумақтық кірістер басқармасы, білім бөлімі, қала мен ауылдық округ әкімдері, «ҚазСуШар» РМК Түркістан өндірістік филиалы және төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде бірнеше маңызды мәселе қаралды. Біріншіден, жауын-шашын салдарынан көшелерді су басуының алдын алу жұмыстары талқыланды. Жетісай қаласының әкімі Нұрлыбек Бахтияров, Асықата кентінің әкімі Нұралы Жолдасбек және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Қанжар Досаев өз баяндамаларында атқарылған іс-шаралар мен алдағы жоспарларды айтты.

Сонымен қатар, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Өмірзақ Дүйсебаев пен аумақтық кірістер басқармасының басшысы Серік Жасұзақов бюджеттік түсімдер мен қаржылардың игерілуі жөнінде есеп берді. Қысқы вегетациялық жұмыстардың атқарылуы, әскерге шақыру барысы, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының орындалуы, жылыту маусымына дайындық және ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологиясын енгізу сияқты мәселелер де қаралды.

Мәжіліс соңында аудан басшысы әр сала бойынша нақты тапсырмалар беріп, орын алған кемшіліктерді жоюды тапсырды. Әр тапсырмаға нақты уақыт белгіленіп, жауаптылар анықталды. Бұл шаралар Жетісай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын нығайтуға, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға және өңірде тұрақтылық пен тиімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *