• Пт. Дек 19th, 2025
Популярные метки

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ЗАМАНАУИ СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Автор:admin

Дек 19, 2025

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданына қарасты Шарбұлақ елді мекенінде заманауи ашық және жабық үлгідегі спорт кешені пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, «Үлгілі ауыл» байқауында жеңімпаз атанған ауыл тұрғындарын құттықтады. Әкім жаңа нысанның спорттық әлеуетті арттырып, жастар мен ауыл тұрғындары үшін қолайлы ортаны қалыптастыратынын атап өтті.

Жаңа спорт кешені 500 млн теңгеден астам қаржыға салынды. Жалпы аумағы – 2,83 гектар, ғимараттың ауданы – 1720 шаршы метрді құрайды. Ішкі бөлігінде күрес, бокс, заманауи тренажер залдары және жабық футбол манежі бар. Сыртқы алаңдарда баскетбол, волейбол, футбол, жеңіл атлетика алаңдары, «street workout» құрылғылары және балалар ойын алаңшалары орналастырылған.

Спорт кешенінде қазіргі таңда бокс, еркін күрес және футбол секциялары жұмыс істеп, 300-ге жуық жасөспірім спортпен айналысып жатыр. Сондай-ақ нысанның ашылуымен 10 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды. Ашылу салтанатына ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы Болат Қалмұрзаев, сондай-ақ әлем чемпиондары Сәкен Бибосынов, Қайрат Ералиев және Шынболат Райханов қатысып, жаңа спорт нысанына оң баға берді.

Айта кетейік, биыл Түркістан облысында 112 спорт нысанының құрылысы қолға алынған. Оның ішінде 102 спорт нысаны жыл соңына дейін пайдалануға берілсе, қалған 10 нысанның құрылысы 2026 жылы аяқталады. Бұл жобалар өңірдің спорттық инфрақұрылымын дамытып, жастар мен тұрғындардың денсаулығын нығайтуға бағытталған.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *