Мемлекеттік идеология мәселесі әрқашан актуалды. Әсіресе, мемлекеттің болашағы болып табылатын жастарды тәрбиелеуде мемлекеттік идеологияның орны ерекше. Себебі, идеология қоғамды біріктіруші, бағыттаушы және реттеуші қызметін атқарады. Жастардың белгілі бір мақсатқа жету жолында бірігіп бағытталуы мемлекеттің болашағын айқындайды. Ендеше, бізге жастардан ертеңгі мықты саясаткер тұлғалар шығуы үшін қандай идеология қажет? Қазіргі жастардан ертеңгі мықты саясаткер тұлғалар шығуы үшін ұлттық мүддені көздейтін мемлекетшіл идеология қажет. Яғни болашақ саясаткер ұлттық мүддені жеке мүддеден жоғары қоюы керек. Осыны жастар бойына сіңіру керек. Мемлекеттік идеология елімізде жоқ деген пікірге мен келіспеймін. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясаты, нормативті құқықтық база, жүргізіліп отырған іс-шаралар барлығы мемлекеттік идеологияны құрайды. Осы саяси-құқықтық іс-шаралар арқылы қоғам басқарылып, бағытталып келеді. Әсіресе, қабылданып отырған стратегиялық құжаттар (Қазақстан-2030, Қазақстан-2050) мемлекеттік идеологияның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қытайдың ұлы реформаторы Дэн Сяопинның басты қағидасы «шындықты іс жүзінен іздеу» мемлекетіміздегі идеологияның бар екендігін дәлелдейді. Сондықтан жастардан болашақ саясаткерлерді қалыптастыруда идеологияны шеттен іздеудің қажеті жоқ. Жастар қазірдің өзінде мемлекеттік идеология негізінде бейсаналы түрде тәрбиеленіп келеді. Елімізде жүргізіліп отырған жастар саясаты артықшылықтар мен кемшіліктерге ие. Басты артықшылық мемлекет жастарға көңіл бөлуде. Бұл бағытта іс-шаралар жүргізіліп келеді. Басты іс-шара жастар саясаты саласының құқықтық институциялануы болып табылады. Яғни жастар саясатын жүзеге асыру үшін мемлекеттік деңгейде нормативті база қалыптастыру маңызды. Бірақ осы мәселеде мынадай кемшілік көрінуде: жастар саясаты бағытында түрлі бағдарламалар қабылданғанымен, оларды жүзеге асыруда олқылықтар жіберілуде.Жастар саясаты жастарды саяси құрал ретінде емес, олардың негізгі мәселелерін шешуге бағытталуы керек. Жастарды тұрғын үй, жұмыспен қамту, өмірде өз орнын табу және өзін-өзі дамыту мәселелері толғандырады. Сондықтан жастар саясаты осы бағыттарға сәйкес қалыптастырылуы орынды. Қорытындылайтын болсақ,біздің еліміз жастардың саяси белсенділігін арттыру мақсатында әр жыл сайын түрлі жобалар іске қосып,жастарды саясатқа қызықтыру шараларын жасап жүр.Түрлі саяси ақпарат алатын құралдар,түрлі шағын жобалар тіпті универде оқытылатын саясаттану пәніде дәл осы біздей жастардығ саясатқа бейімділігін арттырып,саяси білім алудың маңыздылығының дәлелі! Мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалуда,тек соны ұғынар жастар болса,саясат әлеміне ену үшін барлық есік ашық дер едім!Себебі, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының «Болашақ-жастардың қолында» деген рухты сөзі бар емес пе?! Болашақ елдің жағдайы тікелей бізге байланысты,сол үшінде мемлекет бізді саясатқада өзгегеде әзірден дайындауда. Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңгі болашағы. Сол ұрпақты саналы да білімді етіп тәрбиелеу – төл міндетіміз. Соның бірі – патриоттық тәрбие мәселесі. Бұл адамзат тарихында ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық менталитеттін, тарихын білмейтін жастарымыз көп. Бүгінгі күнде патриоттық сана-сезімнің әлсіреуі, адамдардың өз елі мен оның жетістіктері үшін ұлттық мақтаныш сезімнің өзгеруі. Қазіргі жастардың патриоттық рухы жоқтығы. Жас ұрпақты Отанына, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке баулып олардың бойына сіңіріп қалыптастыру халық тәрбиесінде жетекші орын алады.
R-ақпарат