Төлеби ауданы аумағында аудандық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердің негізгі көшелерін қардан тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда ауданның коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс атқаруда.
Аудандық маңызы бар жолдарды тазалау жұмыстарына «Жарық жол» мекемесінен 2 КамАЗ автокөлігі, 3 МТЗ тракторы, 1 «Газель» автокөлігі және 10 жұмысшы жұмылдырылған.
Ал облыстық маңызы бар жолдарда «Оңтүстік жолдары» мекемесі тарапынан 1 КамАЗ (шанағымен), 2 МТЗ тракторы, 1 «Газель» автокөлігі және 9 жұмысшы еңбек етуде. Сонымен қатар, «Бірлік» мекемесінен 1 КамАЗ, 1 «Нива» автокөлігі және 7 жұмысшы тартылған.
Қар тазалау барысында ең алдымен көлік қозғалысы қарқынды негізгі көшелерге, қоғамдық көлік бағыттарына және әлеуметтік нысандарға апаратын жолдарға басымдық берілуде. Одан кейін аулалар, алаңдар, тротуарлар мен аялдамаларда тазалау жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Көктайғақтың алдын алу мақсатында жол жабындарына құм-тұз қоспасы себілуде.
Төлеби ауданы әкімдігі тұрғындар мен қонақтарды жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, ауа райының қолайсыз жағдайында барынша сақ болуға және алыс сапарларға шықпауға шақырады.
ТӨЛЕБИ: ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
