• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Жастар салауатты өмір салтын қолдайды!

Автор:admin

Июн 3, 2022
Spread the love

Жастардың жат әдеттен бойларын аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстануға үндеу мақсатындағы іс-шаралар елімізде үздіксіз жүргізіліп келеді. Спорт және дене шынықтыру — біздің мемлекеттік жастар саясатының маңызды бағыты. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі жөнінде Мемлекет басшысы алға қойған міндетті жүзеге асыруда халықтың денсаулығы ең маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта әлеуметтік жағдай,өмір сүру ұзақтығының төмендеуі және адам экологиясының қолайсыздығы бүкіл өркениетті әлем үшін көкейтесті мәселе болып отыр. Енді осы тақырып төңірегінде жарық көрген материалдармен таныстырып өтейік. «XXI ғасырды біз жаһандық сын-қатерлер дәуірі ғана емес, жас, қуатты және талантты адамдардың дәуірі деп те атаймыз. Қазақстанда бүгінде әрбір төртінші азамат — жас ұрпақтың өкілі. Мені сіздердің білімдеріңіз, шетел тілдерін игергендеріңіз, инновацияға ашық болуға талпыныстарыңыз қуантады. Араларыңызда ақылы мен білімі қазірдің өзінде Отанымызға пайдасын тигізіп жатқан жастар аз емес. Әлем жұрты көп ұзамай жаңа қазақстандық ғалымдар, дәрігерлер, инженерлер, музыканттар мен спортшылар туралы естіп-білетініне сенімдімін. біздің ел жастардың әлеуетін дамытуға және жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасап жатқанын айтты. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында жастарды қолдауға бағытталған шаралар қарастырылған. «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Дипломмен — ауылға», «Жасыл ел» жобалары арқылы жарты миллион қазақстандық жас қамтылған. «Қолжетімді баспана» бағдарламасы аясында жас отбасыларға 3,5 мыңнан астам пәтер берілді. Бұл жұмыс әлі жалғасады. 2017 жылдан бастап әрбір орта мектеп түлегі мемлекет есебінен алғашқы мамандығын меңгеріп шығатын болады. Жаһандық дағдарысқа қарамастан, біз барлық ресурсты еңбек адамын қолдауға бағыттаймыз. Бұл біздің экономикамыздың дамуы үшін мультипликативті әсерді қамтамасыз етеді, қазақстандықтар үшін қуатты «әлеуметтік саты» қалыптастырады және жастардың игілігін арттырады», — деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы бүгінде елімізде жолдар салынып, индустрия дамытылып, жаңа жұмыс орындары мен инновациялық кәсіпорындар ашылып жатқанына назар аударды. «Сіздердің тың идеяларыңыз бен жастық жігерлеріңізді қажет ететін жүздеген, мыңдаған жұмыстар бар. 200 мыңдық сарбазы бар «Жасыл ел» акциясы нағыз ерлік болды, олар 10 жылда 115 мың гектар аумақта 50 миллион ағаш отырғызды. Осы игі миссияны жалғастырып, Қазақстанды жасыл әрі болашақ ұрпақ үшін таза өлкеге айналдыру керек.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика