• Чт. Дек 4th, 2025
Популярные метки

ҚАЖЕТ ҚҰРЫЛҒЫЛАРҒА ALEUMET ҚОСЫМШАСЫНДА ТАПСЫРЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ

Автор:admin

Дек 4, 2025

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мүгедектігі бар азаматтарды жеке оңалту бағдарламасына сәйкес қажет құралдармен қамтамасыз етуді жүзеге асыруда. Протез-ортопедиялық және техникалық көмекші құралдар, арнайы жүріп-тұру құралдары белгіленген тәртіп бойынша беріледі.

Ол үшін осы санаттағы азаматтар ЭЦҚ арқылы Aleumet порталында өзіне қажет құрылғыларды, олардың өлшемін және үйіне дейін жеткізушіні таңдап, тапсырыс бере алады. Aleumet порталының мобильді қосымшасы да бар.

Осы орайда сақтық шараларын ұстана отырып, интернет алаяқтығынан сақтану үшін қажет құрылғыларға тапсырыс беру мақсатында ЭЦҚ үшінші тұлғаларға бермеуді, бөгде адамдарға порталда тапсырыс рәсімдетпеуді сұраймыз.

Сонымен қатар қоларба, гигиеналық, сурдо-тифло техникалық құралдарды тек өзіңіз ғана пайдалануды, олардың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін ешкімге бермеуге немесе сатпауға кеңес береміз.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *