Ордабасы ауданында кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның аясында Жеңіс ауыл округіне қарасты «Ө.Тұрманжанов» жалпы білім беру мекемесінде «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: Қоғам вейпке қарсы – жастардың таңдауы салауатты өмір» тақырыбында арнайы кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастарға құқықтық тәрбие беру, зиянды әдеттерден аулақ болуға, әсіресе электронды сигареттер (вейп) мен басқа да зиянды өнімдердің қауіптері туралы ақпараттандыру. Кездесу барысында қатысушыларға салауатты өмір салтының маңыздылығы, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және заманауи жастар мәдениетінде кездесетін қауіп-қатерлер жайында түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
Кездесуге Ордабасы ауданының полиция бөлімі мен Жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты. Атап айтқанда, АПБ ЖПҚБ-нің УПИ полиция капитаны Жолдас Жандос Мұратұлы, Ордабасы АПБ ЖПҚБ-нің аға лейтенанты Пернебек Айбек Садуақасұлы және аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары жасөспірімдермен тікелей сөйлесіп, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға қатысты өз тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу барысында ерекше назар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойынханаларда, көңіл көтеретін орындарда және көшеде болуына қатысты қауіптерге аударылды. Қатысушыларға түнгі уақытта заңды өкілдерсіз жүрген жағдайда туындайтын құқықтық мәселелер түсіндірілді, сондай-ақ ата-аналарға балаларының қауіпсіздігіне назар аудару қажеттігі ескертілді.
Бұдан бөлек, шарада вейп өнімдерінің және басқа да зиянды заттардың адам денсаулығына, әсіресе жасөспірімдердің физикалық және психологиялық дамуына тигізетін зияны кеңінен талқыланды. Мектеп оқушыларына зиянды әдеттердің алдын алу жолдары, дұрыс таңдау жасау дағдылары, сондай-ақ жеке жауапкершілікті сезіну маңызды екені түсіндірілді.
Аудандық мамандар жастарға тек құқық бұзушылыққа қарсы тұру емес, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау және қоғамда белсенді азамат болуға шақырды. Мұндай кездесулердің нәтижесінде жасөспірімдер құқықтық тәрбие алады, зиянды әдеттерден аулақ болуға үйренеді және өздерінің өмірлік таңдауларын саналы түрде жасай бастайды.
Ордабасы ауданында ұйымдастырылған бұл кездесу – жастарды құқықтық тұрғыда оқыту, олардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқандығын көрсетеді. Аудан әкімдігі мен құқық қорғау органдары балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау бағытында тұрақты профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруда.
Ордабасы ауданының мектептерінде өткізілетін осындай кездесулер – жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, құқықтық мәдениетін арттыруға және зиянды әдеттерден аулақ болуына бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан тұрғындары мен ата-аналарға да ақпараттық қолдау болып, балалардың қауіпсіз ортасында тәрбиеленуіне жағдай жасайды.
