• Вт. Ноя 25th, 2025
Популярные метки

САУРАНДА ЖАСТАР АРАСЫНДА «АДАЛ КӨШБАСШЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТ ӨТТІ

Автор:admin

Ноя 25, 2025
✔️Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі және «Сергали-Түркістан» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Заң мен тәртіп қағидаты аясында ауданның белсенді жастары арасында «Адал көшбасшы» тақырыбында дебат өтті. Шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық пен әділдік құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал ету.
✔️Дебатқа аудан жастары мен жас ұстаздар қатысып, адалдық, ашықтық, әділдік және жауапкершілік тақырыптарында өз пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар қарсы тараптың уәжіне дәлелді жауап беріп, ойларын нақты әрі жүйелі түрде жеткізді. Іс-шараны Сауран аудандық ішкі саясат бөлімінің м.у.а. М.Қалеке ашып, дебаттың мақсаты мен тәртібіне тоқталды. Ол жастарды заң мен тәртіпті сақтау, өз ойын дәлелді түрде жеткізе білуге шақырды.
✔️Төрешілер қатысушылар арасындағы пікірталасты әділ бағалап, әр команданың дәлелі мен ой жүйелілігін ескерді. Жеңімпаздар қатарынан өзіндік ойы мен дәлелін көрсете білген «Болашақ» командасы I орынға, шабытты пікірталасымен ерекшеленген «Арыстан жүрек» командасы II орынға, ал сенімді уәждерімен көзге түскен «Эрудит» командасы III орынға лайық деп танылды. Барлық жеңімпаздар аудан әкімінің Алғыс хаттарымен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *