• Сб. Фев 14th, 2026
Популярные метки

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БАРШАҒА ОРТАҚ ІС

Автор:admin

Ноя 13, 2025

Кітапхананың мәжіліс залында Аудандық Билер алқасы және кітапхана ұжымының бірлесіп ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршаға ортақ іс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шара қоғамда адалдық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын насихаттау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның зиянды салдарын талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесуге ауданның зиялы қауым өкілдері, аудан мекемелерінің басшылары, мектеп директорларының тәрбие жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер қатысты. Қатысушылар әр саланың өкілі ретінде өз тәжірибелерімен бөлісіп, сыбайлас жемқорлықпен күресте жеке және қоғамдық жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсерлері, оның экономикалық, әлеуметтік және моральдық зардаптары жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, жемқорлықты болдырмаудың тиімді шаралары, ашықтықты қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет пен бизнесте әділдік қағидаларын сақтау жолдары талқыланды.

Іс-шара барысында сөз алған спикерлер азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығын, қоғамның әр мүшесі адалдық пен әділдікке ұмтылған жағдайда ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы күш бірігетінін атап өтті. Сондай-ақ, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, білім беру мекемелерінде адалдық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды тұрақты ұйымдастыру қажеттігі де сөз болды.

Кездесу қорытындысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті тек заң аясында ғана емес, қоғамның әр мүшесінің жеке ұстанымы арқылы жүргізу керектігін ұғынды. Мұндай дөңгелек үстелдер қоғамдағы ашықтықты арттырып, әділдік пен жауапкершілік қағидаларын насихаттауға елеулі үлес қосатыны атап өтілді.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да адалдық пен әділдік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған осындай кездесулерді жүйелі түрде өткізу жоспарланып отырғанын хабарлады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *