• Ср. Ноя 19th, 2025
Популярные метки

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Автор:admin

Ноя 17, 2025

Түркістан облысы, Отырар ауданы «Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстық жауаптылық, ерте жүктілік, буллинг, кибербуллинг, вандализм, әлеуметтік желілер арқылы жат ағымдардың арнайы сайттарына кірудің алдын алу, оқушылардың су, өрт, жол қауіпсіздігі, суицид, зорлық-зомбылық, есірткі мен ойын тәуелділігінің алдын алу бағытында профилактикалық кездесу өтті.

Шараға Отырар АПБ-і ҚҚБ ЮПТ инспекторы, полиция лейтенанты Мерей Сержан, Отырар АПБ-і ҚҚБ УПИ полиция капитаны Зәуірбек Нұрдәулет Қайратұлы, Отырар АПБ-і ҚПБ жедел уәкілі, полиция лейтенанты Сапаров Ердәулет Сейфуллаұлы қатысты.

Жиынды мектеп директоры С.Рысбай ашып, күн тәртібіндегі маңызды бағыттармен таныстырды. Ол профилактикалық іс-шараның мақсаты – оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылық пен қылмыстық жауапкершіліктің алдын алу, білім беру мекемелерінде зорлық-зомбылықты болдырмау екенін атап өтті. Сонымен қатар, мектеп басшылығы оқушыларды ынтымақтастық пен татулыққа шақырып, сабақ пен тәрбие процесінде бір-біріне қолдау көрсету керектігін ескертті.

Жиын барысында ҚҚБ ЮПТ инспекторы Мерей Сержан жасөспірімдерге Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар және қылмыстық жауапкершілікке қатысты заңнамаларын түсіндірді. Ол жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында нақты мысалдар келтіріп, қылмыстық әрекеттердің әлеуметтік және құқықтық салдарын айтты. Полиция қызметкері жеткіншектерге интернеттегі қауіпсіздік ережелерін, әлеуметтік желілерде өзара қарым-қатынасты дұрыс жүргізу, кибербуллинг пен радикалды сайттарға кірмеу жолдарын жан-жақты түсіндірді.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.Налибаева жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу, сынып ішінде ынтымақ пен достықты орнату, әрбір оқушының психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы тәрбие шараларын атап өтті. Ол оқушыларға өзара сыйластықты сақтауға, конфликтті жағдайларды бейбіт жолмен шешуге, достық пен бауырмалдыққа негізделген мінез-құлықты қалыптастыруға шақырды.

Шара барысында полиция қызметкерлері балаларға суицидтің алдын алу, есірткі мен ойын тәуелділігінің зияны, су, өрт, жол қауіпсіздігі, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелері жөнінде кеңінен түсіндірді. Оқушыларға өз өмірін сақтаудың, жеке жауапкершілікті сезінудің маңыздылығы, сондай-ақ құқықтық мәдениетті қалыптастырудың қажеттілігі айтылды.

Кездесу соңында жасөспірімдерге құқықтық мәдениет, тәртіп, өз-өзін қорғау және саналы әрекет басты құндылық екені түсіндірілді. Профилактикалық іс-шара Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген қанатты сөзімен қорытындыланды, бұл сөз оқушыларға тәртіптің, жауапкершіліктің маңыздылығын түсіндіруде үлкен әсер қалдырды.

Шара сонымен қатар ата-аналарға арналған ақпараттық сипатқа ие болды: ата-аналарға кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың әлеуметтік желіде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, отбасыдағы тәрбие үлгісін нығайту бойынша кеңестер берілді.

Осы профилактикалық кездесу оқушыларға өз өмірінің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды, заң мен тәртіпке бағынуды, қауіпсіздік ережелерін сақтау мен саналы өмір сүру дағдыларын меңгеруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, мектеп пен полиция арасындағы өзара әрекеттестік, оқушылардың құқықтық сауаттылығы мен қауіпсіздік мәдениетін арттыру бағытында тиімді жүйенің қалыптасуына ықпал етті.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *