• Вс. Ноя 2nd, 2025
Популярные метки

Автор:admin

Окт 31, 2025

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігі мен прокуратура органдарының ұйымдастыруымен бүгін Түркістан қаласында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.

Шараның негізгі мақсаты – азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ билік пен халық арасындағы өзара сенімді және ашық диалог орнату болды.

Акция барысында қала тұрғындарына қала әкімдігінің бөлім басшылары, прокуратура, полиция, әділет органдары, сот және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сонымен қатар кәсіби заңгерлер мен адвокаттар тегін құқықтық кеңес берді.

Тұрғындар өздерін толғандырған түрлі құқықтық мәселелер бойынша нақты жауап алып, заңдық тұрғыда дұрыс бағыт алу мүмкіндігіне ие болды.

Акция аясында заң саласының мамандары азаматтардың әлеуметтік, тұрғын үй, еңбек, отбасылық және жер қатынастарына қатысты сұрақтарына жауап беріп, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мұндай акциялар азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеруге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ашықтығы мен халыққа жақындығын арттыруға бағытталған.

«Халық заңгері» республикалық акциясы алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасын тауып, ел тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруға өз үлесін қоса бермек.

#түркістан #туркестан #turkistan

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *