Шымкент қаласында су арналары мен өзендердің жай-күйін жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы өткен жылы Қошқар ата өзенінің «Ордабасы» алаңынан Жангельдин көшесіне дейінгі бөлігінде абаттандыру жұмыстарын жүргізген болатын. Биыл бұл жұмыстар жалғасын тауып, өзеннің Жангельдин көшесінен Интернациональная көшесіне дейінгі аралығында құрылыс жұмыстары атқарылуда. Жоба мердігері – «HYDROLIFE-2050» ЖШС. Жалпы ұзындығы 3,5 шақырым болатын учаскедегі жұмыстарды биылғы желтоқсан айында толық аяқтау жоспарланған.
Сонымен қатар, Нұртас шағын ауданындағы «Кәусар» көшесінің бойында су тасқынының алдын алу мақсатында канал салу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобаның екінші кезеңі толығымен аяқталып, бірінші кезең бойынша ирригациялық лоток орнату жұмыстары басталды (340 метр). Құрылыс бекітілген кестеге сәйкес желтоқсан айына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, 2024 жылы 6 елді мекенде (Жыланбұзған, Тоғыс, Маятас, Қызылжар, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл) Бадам өзенінің арнасын түзету және жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп, ұзындығы 9 шақырым учаске пайдалануға берілген. Биыл бұл жұмыстар жалғасып, «HYDROLIFE-2050» ЖШС мердігерлігімен 5,3 шақырым аумақтағы жұмыстардың 70 пайызы орындалды. Құрылыс толық аяқталуы желтоқсан айына жоспарланған.
Аталған жобалар су тасқынының алдын алып, қаланың экологиялық қауіпсіздігін арттыруға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді.
Қоса кететін, Шымкент қаласында өзендер мен каналдарды абаттандыру жұмыстары қала инфрақұрылымын нығайту және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ерекше маңызға ие. Су арналарының тазалығы мен дұрыс реттелуі қаладағы су тасқындарының алдын алу үшін шешуші рөл атқарады.
«HYDROLIFE-2050» ЖШС жүргізіп отырған жобалар қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, су ағымын реттеу, су деңгейін бақылау және арналарды бекіту жұмыстарына бағытталған. Бұл өз кезегінде су ресурстарын тиімді пайдалану мен гидрологиялық апаттардың қаупін азайтуға ықпал етеді.
Каналдар мен өзендердің абаттандырылуы тек экологиялық мәселені шешіп қана қоймай, сонымен бірге қала тұрғындары үшін демалыс орындарын жасауға, спорттық және мәдени іс-шараларды өткізуге қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жоба аясында жағалаулар бойында серуендеу жолдары мен демалыс аймақтары да қарастырылуда.
Сонымен қатар, бұл жұмыстар қаладағы әлеуметтік-экономикалық дамудың бір бөлігі ретінде өңірдің туризм әлеуетін арттыруға бағытталған. Қаланың көрікті жерлерін жақсарту және сумен байланысты аймақтарды дамыту тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.
Абаттандыру шараларының нәтижесінде су нысандарының санитарлық жағдайы жақсарып, су арқылы таралатын аурулардың алдын алу мүмкіндігі артады. Бұл өз кезегінде қоғамдық денсаулықты қорғау тұрғысынан да маңызды.
Жалпы алғанда, су арналары мен өзендерді абаттандыру жобалары Шымкенттің тұрақты дамуына үлес қосып, қала экологиясын сақтау мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы кешенді шаралардың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Толығырақ: https://www.youtube.com/live/fGppl-EaPb8?si=bDkH81TXSoKydw-U
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
