• Ср. Окт 15th, 2025
Популярные метки

АЛАТАУ ҚАЛАСЫ – ЖАҢА ІСКЕРЛІК ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ

Автор:admin

Окт 15, 2025

2025 жылғы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында Алатау қаласының еліміздің жаңа іскерлік, экономикалық және технологиялық орталығы болуы керектігі атап өтілді. Мемлекет басшысы бұл қаланы Үкіметке тікелей бағынатын етіп, арнайы мәртебемен қамтамасыз ету қажеттігін тапсырды. Аталған Жарлықты он күн ішінде әзірлеу міндеті қойылған.

Сонымен қатар, Жолдауда цифрлық теңгені енгізу және оның мемлекеттік қаржыларда қолдану аясын кеңейту мәселесі қаралды. Президент цифрлық активтер экожүйесін жедел қалыптастыру, цифрлық теңгенің тиімділігін арттыру және оның ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджеттік жобаларда қолданылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Цифрлық экономиканы дамыту арқылы елдің қаржылық тиімділігін арттыру – Алатау қаласының дамуы мен Қазақстан экономикасының инновациялық серпілісінің маңызды құрамдасы болып табылады.

#Жолдау2025 #ПрезидентЖолдауы2025

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *