Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын жаппай енгізудің маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы экономиканы жаңғыртудың негізгі тетігі ретінде цифрлық инновацияларды дамыту қажеттігін айтты.
Президенттің айтуынша, бұл бағыттағы маңызды қадам – Цифрлық кодексті қабылдау. Кодексте жасанды интеллектті қолдану, платформалық экономика, Big Data (үлкен деректер) және өзге де цифрлық процестерді реттеу көзделеді.
Мемлекет цифрлық трансформацияны жүйелі түрде жүргізу үшін нормативтік-құқықтық негізді жаңартуға ерекше назар аударып отыр. Бұл бастама елдің технологиялық және экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған.
#ПрезидентЖолдауы #ЦифрлықҚазақстан #ЖасандыИнтеллект #Президентжолдауы2025 #ЭкономикалықЖаңғыру #Жолдау2025