• Ср. Окт 8th, 2025
Популярные метки

ПРЕЗИДЕНТ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МЕН ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ

Автор:admin

Окт 6, 2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында екінші деңгейлі банктердің нақты секторға белсенді түрде қаржы салуы қажеттігін айтты. Президенттің айтуынша, бұл мәселе қоғамда ұзақ уақыттан бері талқыланып келеді және оны кейінге қалдырмай, нақты іске көшу маңызды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы экономикамыздың жоғары технологиялық салаларына бір миллиард долларға дейін инвестиция тарту жөнінде бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Бұл бастама еліміздің инновациялық әлеуетін арттыруға және жаңа технологиялық жобаларды дамытуға бағытталған. Бағдарламаны Үкімет Ұлттық банкпен бірлесе отырып дайындауы тиіс.

#Қазақстан #ПрезидентЖолдауы #ҚаржыСекторы #Инвестиция #ЭкономикалықДаму #ҰлттықБанк #Инновация #Технология

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *