• Вс. Ноя 16th, 2025
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮЙЕСІ ДАМУДА

Автор:admin

Окт 1, 2025
Шымкент қаласында жол инфрақұрылымын дамыту және қоғамдық көлік қызметін жетілдіру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Биыл жыл басынан бері қала аумағында 304 шақырым жолға асфальт төселді. Оның ішінде Абай ауданында – 80,4 шақырым, Тұран ауданында – 60,7 шақырым, Әл-Фараби ауданында – 20,1 шақырым, Қаратау ауданында – 78,5 шақырым, Еңбекші ауданында – 64,3 шақырым. Бұл жұмыстар шалғайдағы елді мекендердің орталықпен байланысын нығайтып, тұрғындардың күнделікті қозғалысын жеңілдетуге елеулі үлес қосуда. Жалпы ағымдағы жылы қаладағы жолдардың жақсы жағдайдағы үлесін 90 пайызға жеткізу көзделіп отыр.
Сонымен қатар, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін ескере отырып, жаңа №8 автобус бағыты іске қосылды. Бұл бағыт Тоғыс тұрғын алабын қамтып, Мұнайбарлаушылар көшесінен бастап «Көл» аялдамасына дейін қатынайды. Жобаның алғашқы кезеңі пилоттық режимде жүзеге асуда. Кестеге сәйкес жұмыс күндері 5 автобус, ал демалыс күндері 3 автобус қатынайды. Қозғалыс аралығы 28–45 минутты құрайды.
Жаңа бағыттың ашылуы Тоғыс тұрғындары үшін қала орталығына жетуді айтарлықтай жеңілдетіп, қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттыра түсті.
Қоғамдық көлік саласында қол жетімділік пен сапаны арттыру мақсатында электрлік автобустарды енгізу де қолға алынуда. Бұл экологиялық тұрғыда тиімді көлік түрі қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға ықпал етеді. Сонымен бірге, қала ішінде цифрландыру жүйесі қарқынды дамып келеді. Жолаушылар үшін «TULPAR» және «ONAY» сияқты электронды төлем жүйелері енгізіліп, төлем жасауды жеңіл әрі заманауи етіп отыр.
Бүгінде Шымкент қаласында 1000-нан астам қоғамдық көлік күнделікті бағыттар бойынша жүруде. Автобустардың көпшілігі жаңартылып, жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін кондиционер, бейнебақылау, GPS навигация және қолжетімділік пандустары секілді заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала көшелерінде жарықтандыру жүйелері жаңартылып, жаяу жүргіншілер өткелдері, бағдаршамдар және бейнебақылау камералары орнатылуда. Бұл шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алып, тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Болашақта Шымкентте қалалық теміржол торабы, жеңіл рельсті трамвай (LRT) және интеграциялық көлік жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Бұл жобалар қаланың көлік инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеріп, жолаушылар ағынын тиімді реттеуге мүмкіндік береді.
Осылайша, Шымкент қаласы заманауи, қауіпсіз және қолжетімді көлік инфрақұрылымын дамыту арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруды басты мақсат етіп отыр. Жол және қоғамдық көлік саласындағы бұл игі істер алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *