• Вс. Ноя 16th, 2025
Популярные метки

ҚАЗАН АЙЫНДА ШЫМКЕНТТЕ БІРҚАТАР МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР ӨТЕДІ

Автор:admin

Окт 1, 2025
1 қазан – Халықаралық қарттар күні аясында ардагерлерге құрмет көрсетіледі. Қарттар үйлерінде концерттер өткізіліп, басты салтанатты жиын сағат 12:00-де «Royal Rose» мейрамханасында өтеді. Мұнда түрлі салада еңбек еткен 200-ден астам ардагерге сый-құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табысталады.
5 қазан – Ұстаздар күніне орай 3 қазанда «Қызғалдақ» сарайында салтанатты іс-шара өтеді. Жергілікті өнерпаздар мен жастар ұстаздарға арнаған өнерін паш етіп, үздік педагогтарға марапаттар тапсырылады. Іс-шара барысында қалалық білім басқармасы атынан қала ұстаздарына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар ұсынылады.
19 қазан – Құтқарушылар күні қарсаңындағы мереке де «Қызғалдақ» сарайында атап өтіледі. Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе ұйымдастырылатын концерттік бағдарламаға жергілікті өнерпаздар қатысады. Биыл құтқарушылар өздерінің кәсіби мерекесін ҚР ТЖМ-нің 30 жылдығымен бірге атап өтуде. Осыған орай республика көлемінде «30 жылдыққа – 30 игі іс» акциясы өтіп жатыр. Шымкенттік құтқарушылар да ардагерлерге, балаларға, табиғат пен жануарларды қорғауға арналған түрлі қайырымдылық бастамаларын жүзеге асыруда.
25 қазан – Республика күні қарсаңында екі күндік ауқымды шаралар жоспарланған. 24 қазанда «Қызғалдақ» сарайында салтанатты жиын өтіп, еңбегі сіңген азаматтарға мемлекеттік және жергілікті марапаттар, сондай-ақ «Құрметті азамат» атағы табысталады. Ал 25 қазанда Астана алаңында сағат 20:00-де ашық аспан астында үлкен гала-концерт ұйымдастырылып, еліміздің танымал әншілері мен жергілікті өнерпаздар тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлайды.
Мерекелік іс-шаралар қала тұрғындарының патриоттық рухын көтеріп, түрлі сала өкілдерінің еңбегін бағалауға бағытталған. Қала әкімдігі биылғы шараларды жаңа форматта ұйымдастыруға ерекше назар аударып отыр. Бұл мерекелер аясында оқушылар мен жастарға арналған танымдық кездесулер, тақырыптық көрмелер, спорттық жарыстар мен мәдени-тарихи кештер де өтпек.
Сонымен қатар, қаладағы мәдениет үйлерінде, кітапханаларда, мектептер мен жоғары оқу орындарында қазан айының маңызды күндеріне орай тәрбие сағаттары, дәрістер, дөңгелек үстелдер, шығармашылық байқаулар өткізіледі. Әсіресе, оқушылар мен жастар арасында патриоттық бағыттағы эссе, поэзия және сурет байқаулары ұйымдастырылып, үздік туындылар қала көлемінде таныстырылмақ.
Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді. Оның айтуынша, қазан айындағы бұл шаралар ел бірлігі мен тарихқа тағзым идеяларын насихаттауға, сонымен қатар ел азаматтарының еңбегін құрметтеуге бағытталған.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *