Шымкент қаласында жолдарды сақтап, көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында заманауи автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылуда. Бұл жоба ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүктемесін бақылауға, сондай-ақ жол жамылғысының тозуын азайтуға бағытталған.
2024–2025 жылдарға арналған бұл бастама аясында жалпы сомасы 1,021 млрд теңге бөлінген. Мемлекеттік сатып алу нәтижесінде мердігер компания ретінде «QSM Engineering» ЖШС анықталды.
Биыл бөлінген 308,6 млн теңге көлеміндегі қаражат есебінен алғашқы үш өлшеу станциясының құрылысы толық аяқталып, қазан айынан бастап іске қосылады. Олар:
— Жібек жолы көшесінде (Шымкент–Сайрам бағыты),
— Бердібек Қожа көшесінде,
— Әмір Темір көшесінде орналасқан.
Бұлар – көлік ағыны көп, ірі магистраль жолдар бойында орналасқан негізгі бақылау нүктелері.
2026 жылға дейін қалада тағы алты автоматтандырылған өлшеу станциясы салу көзделуде. Олар келесі орындарға жоспарланған:
— Әл-Фараби көшесі (Ынтымақ және Исфиджаб аумағы),
— Темірлан тасжолы (Әуежай маңы),
— Бәйдібек би даңғылы (Бозарық аумағы),
— А-2 айналма жолы (Ипподром маңы),
— Шымкент–Ташкент тас жолы.
Аталған жобаның қалған бөлігіне 712,6 млн теңге көлемінде қаражат бөлінетін болады.
Мамандардың айтуынша, ауыр жүк көліктерінің рұқсат етілген салмақтан артық жүруі жолдардың мерзімінен бұрын бұзылуына, асфальт төсемінің ойылуына және қозғалыс қауіпсіздігінің төмендеуіне алып келеді. Жаңа өлшеу станциялары осы заңбұзушылықтардың алдын алып, жүктемені автоматты түрде тіркеп, жүйеге онлайн жіберіп отырады.
Бұл станциялар интеллектуалды көлік жүйесіне біріктіріледі және нақты уақытта көлік құралдарының салмағын, жылдамдығын, осьтік жүктемесін және тіркеу нөмірлерін анықтай алады. Жүйе деректері ішкі істер органдарына, жол инспекциясына және қалалық әкімдікке жолданып, қажетті шаралар дер кезінде қабылданады.
Сонымен қатар, жоба аясында жүргізушілер мен көлік компанияларына арналған ақпараттық жүйе де іске қосылады. Бұл жүйе арқылы салмақ нормасы, айыппұлдар, рұқсаттар және басқа да деректермен жеке кабинет арқылы танысуға мүмкіндік беріледі. Мұндай ашықтық сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, цифрлық бақылауды күшейтеді.
Жалпы, бұл бастама – қала инфрақұрылымын қорғау және көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Қазіргі таңда Шымкентте интеллектуалды көлік жүйесін дамыту, жол сапасын бақылау, автоматтандырылған басқару құралдарын енгізу бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.
Қалалық әкімдік бұл бағыттағы жұмыстар алдағы жылдары да жалғасын табатынын және қаладағы көлік инфрақұрылымын жаңғырту бойынша ұзақ мерзімді жоспарлар дайындалғанын мәлімдеді.