Шымкент қаласының өртке қарсы қызмет жүйесі жаңа кезеңге қадам басты. Қала аумағында, әсіресе тұрғын саны жыл санап артып келе жатқан шағын аудандарда өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында жаңа өрт сөндіру деполарының құрылысы басталды. Бұл бастама — халыққа жақын, жедел және сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыс нәтижесі.
Қазіргі таңда Таскен, Елтай және Сәуле шағын аудандарында құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл үш нысан жыл соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс. Әрбір өрт сөндіру депосы бір қабатты заманауи ғимарат ретінде салынып жатыр, олардың ішінде:
— қызметтік кабинеттер;
— асхана;
— оқу-дайындық сыныбы;
— тынығу бөлмелері қарастырылған.
Жаңа деполар іске қосылған соң, әрқайсысында 20-ға жуық маман қызмет атқарады. 2 өрт сөндіру техникасы тұрақты дайындықта тұрады. Сонымен қатар, бұл кешендерде учаскелік полиция пункті, жедел медициналық көмек көрсету бекеті, жол-патрульдік қызмет орындары орналасып, шағын аудан тұрғындарына кешенді қауіпсіздік пен жедел қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
2024 жылдың соңына дейін осындай нысандардың құрылысын Бозарық пен Жаңаталап шағын аудандарында бастау жоспарланған.
Ал 2026 жылға қарай Ынтымақ, Базарқақпа, Қайнарбұлақ, Шымсити және Ақжар шағын аудандары өрт сөндіру бекеттерімен толық қамтылмақ.
Аталған нысандар тұрғындар тығыз орналасқан аумақтарда бой көтеруде. Себебі бұл аудандарда өрт оқиғаларына шұғыл әрекет ету үшін орталықтан жету қиындау, ал уақыттың әр минуты маңызды.
Қаладағы ауқымды жобалардың бірі – Тұран шағын ауданында салынып жатқан 4 өрт сөндіру көлігіне арналған ірі өрт сөндіру депосы. Бұл нысан 2024 жылдың мамыр айында құрылыс жұмыстарын бастаған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 25 пайызы орындалған. Жобаның толық аяқталуы 2026 жылға жоспарланып отыр. Бұл бекет қаланың батыс бөлігін, жаңа құрылыс аймақтарын және Тұран шағын ауданын өрт қауіпсіздігімен қамтиды.
Жаңа нысандардың іске қосылуы қаланың төтенше жағдайларға қарсы төзімділігін арттырып, тұрғындардың өмірі мен мүлкін қорғауға едәуір ықпал етеді. Әсіресе шалғай орналасқан шағын аудандарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және апатты жағдайлардың салдарын азайтуға мүмкіндік береді.
Шымкент қаласының әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы қызмет жүйесін децентрализациялау, яғни тұрғындарға мейлінше жақындату арқылы қауіпсіздік деңгейін жаңа сапалық сатыға көтеруді көздеп отыр.
Сонымен қатар, мамандардың үздіксіз оқу-жаттығу өткізуіне мүмкіндік беретін арнайы оқу кабинеттері мен тәжірибелік жаттығу аймақтары құрылатын болады. Бұл — төтенше жағдайлар кезінде шешім қабылдау жылдамдығын арттырып, құтқару шараларының тиімділігін күшейтеді.