ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында білім саласын цифрландыруға, жасанды интеллектіні кеңінен енгізуге айрықша назар аударды.
Атап айтқанда, қашықтан оқыту тәсілі мен жасанды интеллект технологиясына негізделген «QAZAQ DIGITAL MEKTEBI» үлгісін әзірлеу арқылы ауыл мектептерін сапалы білім беру мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету қажеттігі айтылды.
Сондай-ақ, министрлік пен Ғылым академиясының үйлестіруімен ғылыми институттар мен жоғары оқу орындарының әлеуетін арттыру, жасанды интеллектіні белсенді пайдаланатын университеттерге көбірек дербестік беру міндеті жүктелді.
Президент елімізге шетелден білікті мамандарды тартудың, әсіресе техникалық саланың үздік кадрларын Қазақстанда тұрақтап қалуына жағдай жасаудың маңызын ерекше атап өтті.
Сонымен қатар мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект негіздері бойынша оқу бағдарламасын енгізу және ұстаздардың жаңа технологияларды меңгеру дағдысын қалыптастыру міндеті қойылды.
#ЦифрлықҚазақстан #ЖасандыИнтеллект #Жолдау2025 #ПрезидентЖолдауы2025