Шымкент қаласында қоғамдық көлік қызметін жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жуырда №150 және №146 бағыттарға 30 жаңа Yutong маркалы автобус жолға шықты. Бұл автобустар — Қазақстанда, Қарағанды қаласында құрастырылған отандық өнім. Жаңа тасымалдаушы – «Bozjorga Bus» ЖШС қызмет көрсетуде.
Қала әкімдігі тарапынан бәсекелестік орта қалыптастыру арқылы көлік сапасын арттыру, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделіп отыр.
Сондай-ақ, Еңбекші ауданы Қойкелді батыр – Ақназархан көшелеріндегі теміржол өткелі 23 қыркүйекте қайта жөнделіп, пайдалануға берілді. Жөндеу жұмыстары 5 ай ішінде аяқталып, өткелдің барлық негізгі құрылымдары жаңартылды. Бұл – қаладағы көлік қатынасын едәуір жеңілдетуге бағытталған маңызды жоба.
Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді.
Айта кететін, қазіргі таңда Шымкент қаласында жолаушылар тасымалын жақсарту мақсатында 80-нен астам бағытта автобустар қызмет көрсетеді. Қала әкімдігінің мәліметінше, жыл соңына дейін тағы бірнеше бағытқа жаңа автобустар шығару көзделіп отыр. Бұл өз кезегінде жолаушылар ағынын реттеуге, қала шетінде орналасқан елді мекендердің орталықпен байланысын нығайтуға сеп болады.
Жаңа автобустар заманауи талаптарға толық сай келеді. Атап айтқанда, олардың барлығы кондиционермен, бейнебақылау камераларымен, GPS-навигация жүйесімен жабдықталған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы пандустар қарастырылған. Бұл – инклюзивті қоғамдық кеңістік қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі.
Қоғамдық көлік саласында цифрландыру жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. Жолаушылар үшін төлем жасау процесін оңтайландыру мақсатында QR-код арқылы төлем қабылдау, «Tulpar» картасы және мобильді қосымшалар енгізілді. Қала тұрғындарының көпшілігі бұл жаңашылдықтарды оң қабылдауда.
Темір жол өткелінің қайта жаңғыртылуы – көлік қозғалысын қауіпсіз әрі ыңғайлы етуге бағытталған кешенді шараның бір бөлігі. Жөндеу барысында жол төсемі толық ауыстырылып, су ағатын жүйелер жаңартылды, жарықтандыру орнатылды. Бұрынғы өткелде көлік кептелісі жиі орын алатын, ал жаңартудан кейін бұл мәселе едәуір шешімін тапты.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, алдағы уақытта тағы бірнеше темір жол өткеліне жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жаңа жол айрықтары мен айналма жолдар салу арқылы көлік ағымын тиімді бөлу мәселесі қарастырылып жатыр.
Шымкент қаласында көлік инфрақұрылымын дамыту мен қоғамдық көлік сапасын арттыру бағытында бірқатар маңызды бастамалар жүзеге асырылуда. Жаңа автобустардың іске қосылуы мен жаңартылған темір жол өткелінің ашылуы – бұл тек көлік қатынасын ғана емес, қала тұрғындарының күнделікті өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған нақты қадамдар.
Қала әкімдігі алдағы уақытта да тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, көлік қатынасын жақсарту жолындағы жұмыстарды жалғастыра бермек.