Сөз құдіреті, сөз салмағы, сөз шеберлігі мығым қазақ шешендік өнер мен философиялық пайымы арқылы «төрге төре оздырмаған». Өрелі сөз өрімі арқылы жауға сабыр, дауға тоқтам қоя білген. Біріккен Ұлттар Ұйымының соңғы жиынында сөз сөйлеген қазақ баласы әлем даласына ой сала алды. Оның айтқаны:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК ҚАТЫНАСТАҒЫ ҚАРЫМЫНА «ҚАМШЫ» САЛДЫ
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төл тілі — қазақ тілі. Ана тілімізде философиялық ойы мен шешендік шеберлігі байқалады. Орыс, ағылшын және қытай тілдерін еркін меңгерген. Французша да біледі. Халықаралық қатынастар институтын бітірген ол БҰҰ-ның соңғы жиынында жер жаһандағы жағымсыз жәйттерді жатық жеткізуші ретінде танылды. Ұлттық мүддені осы қатынаста бірінші орынға қоятынын байқатты.
«Саяси көшбасшылық-бір-біріне күмән күдікпен қарап, менмендік таныту емес, өзара түсіністік пен құрметтен тұрады»,- деді Тоқаев. Президент бұл сөзі арқылы әлемге Қазақ елін тек шикізаттық держава емес, саяси диалог пен тұрақтылықты жақтайтын жауапкершілігі мол әріптес ретінде танытты. Дәл осы сөзге халықаралық саясат пен дипломатия саласындағы сарапшылардың назары ауыпты. Олар: «Бұл сөз Қазақстанның әлемдік аренада бейбітшілік пен келісімге шақырушы рөлін нығайта түседі дегенді айтып отыр,- дейді осыны білетіндер.
Сонымен есті сөз дипломатиялық тәжірибесі мол Қазақстан президентінің бейбітшілікке ұмтылысын білдіріпті. Сарапшылардың оның бұл айтқанын тек сөз емес, нақты іс-әрекетке шақыру деп бағалап отырғаны сондықтан болса керек. Қанында бітімгерлік бағыты бар Қазақ шиеленістерді өзара құрмет пен диалог арқылы шешуге болатынын ежелден ақ меңгерген. Төл баласы әлемдік аренаның төрінде тұрып, осыны дәлелдеп берді.
Қасым-Жомарт Кемелұлының «Әлемге тірек болып тұрған толеранттылық пен парасаттылық заң үстемдігіне арқа сүйеу қажет» дегені де естіген құлаққа еліміздің тәртіпті тірек еткенін көрсетіп отыр. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген. Жаңа Қазақстанның саяси бағытын боямасыз айшықтауға бұдан артық сөз жоқ. Тағы да базбір сарапшылар пайымы мен кейбір саясаткерлер тұжырымдамасын жинақтап, елге жалпылама ұсынсақ….
«Бұл сөзді олар Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» құрудағы саяси бағытының бір бөлігі ретінде қарастырады. Яғни, тек сыртқы саясатта ғана емес, сонымен қатар ішкі саясатта да конструктивті диалог пен құрметтің маңыздылығын атап өтіп, қоғамдағы алауыздық пен келіспеушілікті жоюға шақырғанын жеткізіп жатыр олар.
Қазақ баласы халықаралық қатынас тілінде ойын ашық, жатық және терең саптады. Еліміздің абырой-беделінің биік екендігін жиылғандар алдында баптады. Бұл Қазақстанның әлемдік саясатқа ашқан жаңа есігі. Сонымен бірге сыртқы саясаттағы тың бағытын айқындайтын түрен. Ықпалға емес, ықыласқа сүйенетінін меңзеген қадам деуге де болады.
Осы орайда білетіндерімнің мысалымен бөлісейін бе? Қазақстан 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болыпты. Деңгей өсімін — сөз кесімін айқындай алған еліміздің бас лидері өсіреді дейді олар. Біз белсенді атсалысуға дайын екенімізді әлемге паш ете алыппыз биыл. Бұл сөздердің өзегі өз кезегінде халықаралық қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге сеп болатынын болжап жатқандар бар. Сайып келгенде мемлекет президентінің басты ұстанымы осы ойды тудырып тұр емес пе?
Екінші тезистің де маңызы мұқым. Заңсыздық пен халықаралық құқықтың бұзылуы әлемде де болып жатыр. Мысалы, кейбір елдердің БҰҰ қарарларын орындамауы немесе халықаралық шарттардан шығып кетуі – осы сөздің нақты дәлелі. Президенттің ойынша, толеранттылықты іс жүзінде қолдану үшін халықаралық құқық жүйесін нығайту керек. Бұл – Қазақстанның өз ішінде әрдайым қолдап, жүйелі жетілдіріліп жатқан қағидасы.
Сөзтүйінде, өзімнен аз-кем болжам болсын. Президент баяндамасы жай ғана мәлімдеме емес, әлемдік саясаттың болашағына бағытталған маңызды хабарлама ретінде түйілді. Тоқаевтың біз тілге тиек еткендері әлемдік көшбасшыларды ойландырып тастаған шығар. Шынайы көшбасшылық – менмендік емес, өзара құрмет пен түсіністік екенін енді ешкім ұмыта алмайды ау шамамда. Себебі бұл сөзде сыйлататын сиқыр бар. Түсіне білсек әрине…. Түсіне алсақ егер…
Алия Ортаева-журналист.