• Чт. Сен 11th, 2025
Популярные метки

Шымкентте «30 жыл – 30 игі іс» акциясы аясында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өтті

Автор:admin

Сен 11, 2025

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай еліміздің барлық өңірлерінде «30 жыл – 30 игі іс» қайырымдылық акциясы жүзеге асырылуда. Осы бастаманы қолдай отырып, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті де игі істерді белсенді түрде жалғастыруда. Акция аясында қалада тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар атқарылды.

Атап айтқанда, әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың тұрмыстық қауіпсіздігін арттыру мақсатында 30-дан астам тұрғын үйге газды анықтағыш құрылғылар орнатылды. Бұл құрылғылар тұрмыстық газдан уланудың алдын алуға және азаматтардың өмір қауіпсіздігін қорғауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, құтқарушылар 20-дан астам үйдің мұржаларын тазалап, 10 үйдің терезесіне арнайы бекітпелер орнатты. Бұл шаралар өрт қауіпсіздігін күшейтіп, жазатайым оқиғалардың алдын алуға септігін тигізеді.

Экологиялық қауіпсіздік те назардан тыс қалмады. Қаланың маңызды су көздерінің бірі – Қошқарата өзенінің жағалауында тазалық жұмыстары жүргізіліп, тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Сонымен бірге, демалушылар мен қала тұрғындары арасында су айдындарында қауіпсіздік сақтау ережелері түсіндіріліп, 200-ден астам ақпараттық парақша таратылды.

Аталған іс-шараға газ инспекциясының қызметкерлері, «Asaa» волонтерлік ұйымының белсенділері және аудандық әкімдік өкілдері де атсалысты.

Атқарылған шаралар қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастамалары – тек жедел көмек көрсету ғана емес, сонымен қатар қоғамға пайдасын тигізетін, алдын алу мен ағартуға негізделген жүйелі жұмыстың айғағы.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *