• Вт. Сен 9th, 2025
Популярные метки

БІР ПАЛАТАЛЫ ПАРЛАМЕНТКЕ КӨШУ ТУРАЛЫ БАСТАМА — МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БАТЫЛ ШЕШІМ

Автор:admin

Сен 8, 2025
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген саяси реформалар — еліміздің демократиялық даму жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Әсіресе, бір палаталы Парламентке көшу туралы бастама — мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған батыл шешім.
«Мен Сенатқа он жыл басшылық еттім. Бұл жұмысты қашанда зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік деп санадым.
Сондықтан маған осы мінберден парламенттік реформа туралы айту оңай емес. Соған қарамастан мен дәл бүгін елімізде көп ұзамай бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергім келеді.
Бірден айтайын, бұл – өте маңызды мәселе. Оны асығыс жүзеге асыруға болмайды. Бұл реформа азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ, әрине, қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет. Реформаның мән-маңызы айрықша екенін ескерсек, оны талқылауға бір жыл уақыт керек деп ойлаймын.
Содан кейін, яғни, 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізуге болар еді. Содан соң Конституцияға тиісті өзгеріс енгізе аламыз.
Мен мемлекеттің тағдырын айқындайтын барлық мәселе халықтың келісімімен ғана шешіледі деп бұған дейін бірнеше рет айттым. Егер бір палаталы Парламент құру қажет деген ортақ шешімге келсек, ондай Парламентті тек қана партиялық тізім бойынша сайлаған жөн деп санаймын»-деді, Президент.
Біз білім және ғылым саласының өкілдері ретінде, бұл өзгеріс елдегі саяси мәдениеттің жаңа деңгейге көтерілуіне, азаматтық қоғам институттарының нығаюына, сондай-ақ жастардың саясатқа белсенді араласуына мүмкіндік береді деп сенеміз. Парламенттің ықшамдалуы — оның тиімділігін арттырып, шешім қабылдау процесін жеделдетуге сеп болмақ.
Сонымен қатар, бұл реформалар еліміздің жаңа кезеңдегі дамуына жол ашып, болашақ ұрпаққа тұрақты, әділетті және ашық мемлекеттік басқару моделін қалыптастыруға негіз болады деп сенеміз. Университет қауымдастығы ретінде біз бұл тарихи өзгерістерді қолдаймыз және жастарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырамыз.
Баршагүл Қашқынқызы
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ проректоры

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *