• Чт. Авг 14th, 2025
Популярные метки

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖҰМЫССЫЗ АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Автор:admin

Авг 13, 2025
Spread the love

Шымкент қаласында еңбек нарығының сұранысына сай маман даярлау мақсатында жұмыссыз азаматтарды тегін кәсіптік оқыту бағдарламасы қолға алынған. Бұл бастама жаңа мамандық иесі болғысы келетін тұрғындарға үлкен мүмкіндік ұсынып отыр.

Оқу барысында тыңдаушыларға ай сайын шәкіртақы төленеді. Білім беру ұйымдарында оқитындарға – 43 574 теңге, ал өндірістік тәжірибе негізінде жұмыс орындарында оқитындарға – 78 640 теңге мөлшерінде қаражат қарастырылған.

Бағдарлама аясында ұсынылатын мамандықтар қатарында стилист-шаштараз, визажист, бухгалтер-кассир, аспаз, кондитер, тәрбиеші көмекшісі, тігінші-пішуші, автомеханик, слесарь-сантехник, электрогазбен дәнекерлеуші, электрик, киім дизайнері, кестелеуші сияқты еңбек нарығында сұранысқа ие бағыттар бар.

Жаңа кәсіп меңгеруге ниетті азаматтар өздері тіркелген аудандық мансап орталығына барып, “жұмыссыз” мәртебесін алуы қажет. Осы мәртебеге ие болғаннан кейін оқуға өтінім беру мүмкіндігі қарастырылады.

Тұрғындар Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты келесі мансап орталықтарына жүгіне алады:

Абай ауданы – Арғынбеков көшесі, 243/3
Еңбекші ауданы – Астана шағынауданы, 106
Әл-Фараби ауданы – Байтұрсынов көшесі, 201
Қаратау ауданы – Бәйтереков көшесі, 89
Тұран ауданы – Қазыбек би көшесі, 50

Бұл бағдарлама – жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Жұмыссыз жүрген азаматтар үшін болашақ мамандығын игеруге, табыс табуға және еңбек нарығында өз орнын табуға нақты қадам жасауға мүмкіндік береді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика