• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ӘЛЕУМЕТТІК ӘЛСІЗ ТОПТАҒЫ АЗАМАТТАРҒА БЕРІЛГЕН ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ШАТЫРЫ ТОЛЫҒЫМЕН ЖАҢАРТЫЛДЫ

Автор:admin

Дек 2, 2022
Spread the love

Шымкент қаласының Нұрсат шағы ауданы №135Б көпқабатты тұрғын үйдің шатырына қайтарымсыз негізде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен жаңартылды. Аталған көпқабатты тұрғын үй сатып алу құқығынсыз жалдау шарты негізінде «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» арқылы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, көпбалалы отбасыларға 2013 жылы пайдалануға берілген.
Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2022 жылдың қыркүйек айында бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілген. Қазіргі таңда көпқабатты тұрғын үйдің шатырындағы ағымдағы жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме толығымен аяқтап, тиісті шаралар жүзеге асырылды. Тозығы жеткен жұмсақ жамылғының орнына кәдімгі шатыр жапқан, төбенің жиегіндегі шатырдың құрылғылары жаңартылған.
Айта кету керек, бұған дейін көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары шатырға жөндеу жүргізу өтінішімен әкімдікке жүгінген болатын. Аталған мәселені жедел түрде Шымкент қаласының Тұрғын үй басқармасы мемлекеттік мекемесінің бақылауына алынып, мердігер мекемемен шатырды жөндеуге іске кіріскен. Тұрғындарды қайта электр қуатымен және жылумен қамту мәселесі де жөндеу жұмыстары барысында дер кезінде өз шешімін тапты. Қазіргі таңда мердігер мекеме қалған ұсақ-түйек жұмыстарды жасауда. Жөндеу жұмыстары желтоқсан айының 3 жұлдызына дейін толғымен аяқталатын болады. Көпқабатты тұрғын үйдің иелері енді ауа райынан еш қаймықпастан жайлы да, жарқын өмір сүретіндігіне ризашылықтарын білдірді.
Айта кететін, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде осы жылы 33 500 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, оның ішінде 20 759 орын тұрақты жұмыс 8 449 орын уақытша жұмыс орындары белгіленіп отыр. Жыл басынан бері 13 363 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты.
Жалпы, Шымкент қаласы республикалық көрсеткіштер бойынша азаматтарды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру бағытында алдыңғы қатарында. Атап айтқанда, әлеуметтік жұмыс орындарына 90 адамды жолдау жоспарланса, бүгінде 123 азамат жұмыспен қамтылды. Яғни, жоспар артығымен 136,7% орындалып отыр. Сондай-ақ, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 227 адам жолдау жоспарланса, нақты 227 (88,2%) адам жолданды. Қоғамдық жұмыс 2188 адамға жоспарланған болса, нақты 2177 адам жұмысқа орналасты. «Жастар практикасы» бағдарламасына биылғы жылы 2098 жасты жолдау жоспарланып, бүгінде 1063 адам жұмысқа орналасты.
ҚР Премьер-Министрі мен Шымкент қаласы әкімінің арасындағы меморандум аясында құрылатын жұмыс орындарына 14 517 тұрақты жұмыс орын құру белгіленіп,бүгінде ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 12 488 тұрақты жұмыс орыны құрылды, яғни жоспар 86%-ға орындалды.
Жиынды қорытындылаған қала әкімі М.Әйтенов бірқатар тапсырмалар берді:
— азаматтардың тұрақты жұмыспен қамтылу үлесін арттыруды;
— мемлекет қамқорындағы балалардың білім алуы мен жұмысқа орналасуын бақылауға алуды;
— аялдамалардың, қоғамдық орындардың пандустарын реттеп, мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға аса көңіл бөлуді;
— тұрғындармен тікелей жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігін үнемі арттырып отыру, олардың қызмет көрсету сапасын арттыруды қолға алуды жүктеді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика