Бүгін аудан әкімінің орынбасары Б.Букебаевтың төрағалығымен “Ыстық нүктелер” картасына енгізілген өзекті мәселелер бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Күн тәртібінде тұрғындар жиі көтеретін мәселелер – ауыз су, жол, жарық, қоғамдық тәртіп, санитарлық ахуал және басқа да әлеуметтік маңызы бар түйткілдер қаралды.
Әрбір бағыт бойынша жауапты мекемелердің ұсыныстары тыңдалып, нақты шешу мерзімдері мен жауаптылар айқындалды.
“Ыстық нүктелер” картасы – халық үнін ескеретін тиімді басқару құралы. Тұрғындардан келіп түскен ұсыныстар мен өтініштер назардан тыс қалмайды.