ХХI ғасырда құлдықта жүргендер өте көп. Бұған осы криминалдық бизнестен мол пайда табатыны себеп. Расында адам саудасы табыс көзі ретінде жаһандық мәселенің біріне айналды.
ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов адам саудасы табыс көзіне айналғанын растайды.
«Күнделікті қызметте адам саудасына жыныстық пайдалану және еңбекті қанау, асырап алуға беру үшін жаңа туған баланы және адам органын сату, қайыр сұрауға мәжбүрлеу сияқты қылмыс түрлері кездеседі. Адам саудасымен айналысатындардың мақсаты – материалдық тұрғыда баю. Алаяқтықтан зорлық-зомбылыққа дейін құрбандарға әсер етудің әртүрлі тәсілдері мен құралын қолданады», – дейді департамент басшысы.
Ішкі істер министрлігі жыл басынан адам саудасына байланысты 76 қылмыстың бетін ашты. Соның ішінде, жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін – 5, кәмелетке толмағандарды сатқаны үшін – 9, кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені үшін – 7, адам саудасы үшін – 14, притон ұйымдастырғаны үшін – 41 істі анықтады.
Адам саудасына қарсы күрес:
Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар адам саудасына байланысты қылмыстың алдын алу және қарсы күрес жөнінде үкіметтік жоспар дайындалып, іске асырылуда.
Бүгінде осыған қатысты ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді. Ведомство мемлекеттік органның және халықаралық ұйымның, үкіметтік емес ұйымдардың диалог алаңы болып табылады.
Адам саудасына қарсы іс-қимылдың бірыңғай жүйесін әзірлеу үшін ІІМ Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде заң жобасын әзірлеуде. Заң жобасында адам саудасы құрбанының құқығы мен міндеті, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау, халықаралық ынтымақтастық негіздері, адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерін және олардың құзыретін анықтау сынды тағы басқа міндеттер бар.
Аталған қылмыстар үшін қылмыстық кодекстің 8 бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған.
2019–2022 жылдар аралығында 131 адам жыныстық қанаудың құрбаны болды. Қазақстанның өзі көші-қон процестерінің белсенді қатысушысы. Қазақстан бұрын Ресейге транзиттік ел болған. Бірақ 2000 жылдардың басында Қазақстан экономикасы жақсарған кезде жағдай өзгерді. Ел қазір Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары жұмысқа келіп жатыр. Олар еңбек мигранттарының басым бөлігін құрайды.
Адам саудасының құрбаны болған мигранттар құрылыс пен ауылшаруашылық жұмыстарына жегілуге мәжбүр. Олар жоғары табыспен қызықтырып, іс жүзінде заңсыз ұстап, жұмыс істеуге мәжбүрлейді.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын «адам саудасы» санаты бойынша 100-ге жуық сотқа дейінгі тергеулер тіркеледі, деп хабарлайды Forbes. 2019–2022 жылдар аралығында 131 адам жыныстық қанаудың құрбаны болды.
Бұл ретте сотқа түсетін істердің саны айтарлықтай аз. Адам саудасы Қылмыстық кодексінің 128 («Адам саудасы») және 135 («Кәмелетке толмағандар саудасы») баптарында қарастырылған. Соңғы жеті жылда осы баптар бойынша сотталғандардың ең көп саны 2016 жылы тіркелген — соның өзінде небәрі 30 адам.