• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

НЕГЕ АДАМ САУДАСЫМЕН КҮРЕС ҚАЗАҚСТАН ҮШІН БАСЫМ БАҒЫТТАРДЫҢ БІРІ БОЛУЫ КЕРЕК.

Автор:admin

Дек 8, 2022
Spread the love

Қаңтарда АҚШ үкіметі құлдық пен адам саудасының алдын-алу ұлттық айлығын атап өтеді. Адам саудасы – адамның қадір-қасиеті мен жаһандық қауіпсіздікке қауіп төндіретін қылмыс. Адам саудасы заң үстемдігіне нұқсан келтіреді, қақтығыстар мен тұрақсыздықты күшейтеді және әлем бойынша шамамен 25 миллион адамды құрбан ететін трансұлттық қылмыстық ұйымдарды байытады.
Адам саудасы Америка Құрама Штаттарында да, Қазақстанда да өзекті мәселе болып табылады. АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі ретінде менің басты басымдықтарымның бірі – жергілікті серіктестермен және үкіметпен Қазақстанның осы қылмысқа қарсы күш-жігерін жандандыру. Атап айтқанда, осы аптада қазақстандық ресми тұлғалардың тобы адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі американдық әріптестерінің тәжірибесін зерделеу үшін АҚШ-та сапармен жүр. Бұл сапар биыл 80 жылдық мерейтойын атап өткен Кәсіби алмасу бағдарламасының аясында мүмкін болды.
Экономикалық өсу жағдайында Қазақстан адам саудасының құрбандары үшін баратын елге айналды. 2019 жылы Қазақстан АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің Адам саудасы жөніндегі жыл сайынғы баяндамасында Екінші деңгейлі бақылау тізіміне енді, өйткені осы мәселелерді шешу үшін заңнамалық өзгерістер қажет. Бұл баяндама үкіметтерді адам саудасының барлық түрлеріне барынша жан-жақты және тиімді шаралар арқылы жауап беруге шақырады.
Соңғы бірнеше ай ішінде Қазақстан адам саудасына қарсы тұралы қылмыстық заңнаманы жетілдіру және адам саудасынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек көрсету сияқты осы салада айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. АҚШ баяндамада берілген ұсыныстарды орындау бойынша Қазақстанмен серіктестік қатынастарды дамытуға ниетті. Адам саудасының құрбандарын, әсіресе зардап шеккен шетелдік азаматтарды және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау және оларға көмек көрсету бойынша жұмысты күшейту шұғыл түрде орындалуды қажет ететін ұсыныстардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, зардап шеккен шетелдіктердге көрсетілетін қолдауды кеңейтуді және адам саудасының жаңа қылмыстарын тергеу мен қылмыстық қудалауды жақсартуды ұсынамыз. Бұл жұмысқа қол жеткізуге болады, бірақ заңнама мен саясатты өзгерту бойынша ұлттық күш-жігерді, сондай-ақ зардап шеккен шетелдік азаматтарға көмек көрсетудің жалпы тәсілін қажет етеді.
1990 жылдары Қазақстанда тұрып, осында қазір де өмір сүріп, қазақстандықтардың қонақтарды жылы шыраймен қарсы алатындығын білемін деп сенімді түрде айта аламын. Біз қазақстандықтардың жылдар бойы көрсетілген керемет қонақжайлылығы туралы көптеген керемет оқиғаларды еске түсіре аламыз. Адам саудасының құрбандары ретінде антықталған шетелдік азаматтарға, мысалы, Қазақстанға заңды жұмыс іздеп келген, бірақ оның орнына жосықсыз адам саудагерлердің қолына түскен адамдарға осындай аңызға айналған қонақжайлылық көрсетуге Қазақстан батылдық табады деп үміттенемін. Мұндай жағдайларда зардап шеккендер шетелден келсе де, олардың денсаулығы мен қадір-қасиетін қалпына келтіруге көмектесу біздің қастерлі міндетіміз. Оларды қазақстандық үйге келген саяхатшылар ретінде санау керек.
Мен адам саудасымен күресу үшін елдің шекарасын қорғаудың және еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етудің заңды қажеттілігін шектеу керек деген қате пікірді жоққа шығарғым келеді. Қажетті заңнамалық өзгерістер шекараны ашудан гөрі адам саудагерлерін жазалауға және зардап шеккендерге көмектесуге бағытталған. АҚШ-та көргеніміздей, шетелдік азаматтарды қорғау қызметі мемлекеттің қылмыстық әділеттілік саласындағы жауап шараларының маңызды бөлігі болып табылады. Бұл дұрыс болғандықтан ғана емес, сонымен бірге зардап шеккендерге қамқорлық жасау арқылы, біз оларды сатқан қылмыскерлерге тағылған айыптардың негізін нығайта аламыз. Шетелдік жұмысшыларды қанаған қылмыскер қазақстандық жұмысшыларды да қанауы мүмкін. Зардап шеккендер куәлік беруге және адам саудасы туралы дәлел келтіруге дайын болуы үшін, оларға және олардың қадір-қасиеттеріне ештеңе қауіп төндірмейді деп сезінуі керек екенін білеміз.
Адам саудасы – барлығымызды толғандыратын мәселе және әрі қарай да біздің басымдығымыз болып қала береді, сондықтан мен осы аптада Қазақстаннан АҚШ-қа келген мәртебелі делегацияны қолдауға және сіздің еліңізбен жемісті серіктестігімізді жалғастыруға қуаныштымын. (АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозердің 2020 жылдың 2 ақпанында жарық көрген авторлық мақаласы)

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика