• Чт. Июл 17th, 2025
Популярные метки

ЖЕР ҚОРЫНЫҢ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ: БАСҚАРМА ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Автор:admin

Июл 17, 2025
Spread the love

16–20 маусым аралығында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен көшпелі кездесу өткізіп, халықтың ұсыныс-тілегін тыңдады. Нәтижесінде жер қатынастары басқармасына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеліп, оларды орындау бойынша тиісті жұмыстар атқарылды.

Басты басымдық – мәселені тұрғынмен кері байланыс орната отырып, зерделеу. Қажетті жағдайларда актілер толтырылып, құзырлы органдарға хаттар жолданды. Атап айтқанда:

Мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер учаскелеріне қатысты меншік иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ жерге орналастыру жобасына өзгеріс енгізу бойынша ұсыныстар берілді;
— Добролюбова көшесінде заңсыз орнатылған теңіз контейнерлері анықталып, тиісті шара қабылдау мақсатында құзырлы органға хат жолданды;
— «Жасыл Жай» көшесіндегі игерілмеген жер телімдері зерделенді;
— Қайтпас шағынауданында мазарат маңындағы жер учаскелеріне қатысты тұрғындарға түсіндірме берілді;
— Т.Орынбаев және Ә.Жангелдин көшелері бойындағы жер учаскелеріне зерттеу жүргізіліп, заңдылықты тексеру мақсатында тиісті хаттар жолданды.

Қала әкімдігі тұрғындардың әрбір ұсынысы мен өтінішін жіті назарда ұстай отырып, оларды заң шеңберінде шешу бағытында нақты іс-шаралар қабылдайды. Алдағы уақытта да қала тұрғындарымен ашық диалог жалғасып, көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика