• Пт. Июн 27th, 2025
Популярные метки

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Автор:admin

Июн 27, 2025
Spread the love
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде халықпен кері байланыс орнату және олардың талап-тілегіне жедел әрекет ету бағытында тұрақты жұмыстар атқарылуда. Бекітілген кестеге сәйкес, жеке қабылдаулар өткізіліп, тұрғындар көтерген мәселелер оңтайлы шешімін тауып келеді.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров кезекті рет жергілікті тұрғындарды жеке қабылдап, ұсыныстары мен мәселелерін тыңдады. Қабылдауға Түркістан қаласы, Отырар, Бәйдібек, Шардара аудандарының тұрғындары қатысты.
Азаматтар инфрақұрылым, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, жұмыс және жер мәселелерін көтерді. Аймақ басшысы әрбір өтінішті назарға алып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Тұрғындардың өмір сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасады.
Айта кетейік, жеке қабылдауға «еOtinish» бірыңғай базасы арқылы немесе «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика