Түркістан өңірлік нышанына арналған ашық байқау ұзартылды!
Бұл – Түркістанның тарихы мен болашағын біріктіретін ерекше мүмкіндік.
Жоба ұлттық болмыс пен креативті идеяны көрсетуі тиіс!
Міндетті шарттар:
– Ұлттық элементтер мен ою-өрнектер қолдануға болады.
– Мемлекеттік рәміздер мен діни, рулық белгілерге тыйым салынған.
Өтінім қабылдау:
2025 ж. 27 маусым – 27 тамыз аралығы
Жүлде қоры:
1-орын – 5 000 000 ₸
2-орын – 3 000 000 ₸
3-орын – 2 000 000 ₸
Жобаны қағаз немесе электронды түрде жіберуге болады.
Түркістанның символын бірге жасайық!
Идея ұсын, қаланың келбетіне үлес қос!