«Ардагерлер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2020 жылғы 18 мамырдан бастап арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін мынадай санаттағы адамдар үшін қайта есептеу жүзеге асты:
— 1988 – 1989 жылдары Чернобыль АЭС-тағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар (өз еркімен кеткендер) қатарындағы адамдарға – 4,8 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін ұлғайтылды;
— Ұлы Отан соғысының қатысушылары арасынан шыққан Социалистік Еңбек Ерлеріне және Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне – 138,63 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін құрады.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында келесі категориялар бойынша жәрдемақы алу құқығы қарастырылған:
— Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері — әскери комиссариаттан алынған, басқа мемлекет аумағында соғыс қимылдарына қатысқандығын растайтын анықтама;
— Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері — әскери комиссариаттан алынған, басқа мемлекет аумағында соғыс қимылдарына қатысқандығын растайтын анықтама;
— Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының қатардағы және басшы құрамының адамдары — әскери комиссариаттан алынған, басқа мемлекет аумағында соғыс қимылдарына қатысқандығын растайтын анықтама;
Әскери қызметшілердің осы санаты үшін жәрдемақы мөлшері 4,8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленген.
Бұл жәрдемақыны тағайындау үшін әскери комиссариаттан басқа мемлекеттердің аумағында соғыс қимылдарына қатысқаны туралы анықтама беріледі. Жәрдемақы өтініш берілген күннен бастап тағайындалады.Өтініш тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына беріледі.
Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысу кезеңдері. Жауынгерлік іс-қимылдар: «Тәжікстан-Ауғанстан учаскесіндегі ұрыс қимылдары: 1992 жылғы қыркүйектен 2001 жылғы ақпанды қоса алғанда, Ирактағы ұрыс қимылдары: 2003 жылғы тамыздан 2008 жылғы қазанды қоса алғанда, Таулы Карабахтағы ұрыс қимылдары: 1986-1990 жылдар».
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін сегіз және одан да көп балаларға – әр балаға 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өзгертуді қамтамасыз ету қажет.