• Сб. Июн 21st, 2025
Популярные метки

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІМЕН ТАНЫЛҒАН ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ПЕДИАТР

Автор:admin

Июн 21, 2025
Spread the love

Кәрібаева Айнұр Мырзағалиқызы – жоғары санатты дәрігер-педиатр, еңбек өтілі – 24 жыл. Осы уақыт ішінде өз мамандығына адалдығы мен кәсіби біліктілігінің арқасында әріптестері, науқастар мен ата-аналарының зор құрметіне ие болған тәжірибелі маман.
Айнұр Мырзағалиқызы – балалар денсаулығын жақсарту ісінде мол тәжірибесі бар, диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін еркін меңгерген. Әр баланың жағдайына жеке көзқараспен қарап, сапалы медициналық көмек көрсетуге әрдайым ұмтылады.

Кәсіби қызметінде ұқыптылығы, жауапкершілігі мен талапшылдығымен ерекшеленеді. Қиын жағдайларда жылдам әрі нақты шешім қабылдай біледі. Жас мамандарға тәлімгерлік жасап, өз тәжірибесімен бөлісіп отырады. Ізгілігі мен адамгершілік қасиеттері балалардың тез сауығуына оң әсерін тигізеді.
Ол кәсіби білімін үнемі жетілдіріп, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға белсене қатысады. Медицина саласындағы жаңалықтарды үнемі қадағалап, оларды тәжірибесіне енгізуге тырысады.
Кәсіби дамуы мен жетістіктері:
2024 ж. – «Мемлекеттік қызметтер сапасын арттырудың практикалық құралдары» семинарының қатысушысы;
2024 ж. – Алматы қаласында өткен «Человек и Лекарство» халықаралық конгресінің қатысушысы;
2024 жылы – Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хаты».
Даумбаева Каламкас Бабановна – өз саласының білгірі, ұжым арасында сыйлы, жауапкершілігі мен еңбекқорлығы мол білікті дәрігер.
2024 ж. – «Балалардағы рахитті диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері», «Балалардың құсу синдромы» семинарларына қатысқан.
Марапаттары:
— 2022 ж. – «Медицина үздігі» атағы;
— 2023 ж. – «Білікті дәрігер» марапатының иегері.
Кәрібаева Айнұр Мырзағалиқызы – жоғары білікті, тәжірибелі, балаларға жанашыр,
өз ісіне шынайы берілген дәрігер.
#ЖҰМЫСШЫ_МАМАНДЫҚТАР_ЖЫЛЫ #ЕҢБЕК_АДАМЫ_2025

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика