Кеше Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты білім мекемелерінен Түлкібас ауданында орналасқан «Қуаныш» жазғы сауықтыру лагеріне алғашқы оқушылар легі аттанды.
«Қазақстан Халқына» Қоры есебінен ауданымыздың 180 баласы жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылады. Соның ішінде бүгінгі таңда Түлкібас ауданында орналасқан «Қуаныш» жазғы сауықтыру лагеріне бұл жолы ауданымыздан Қ.Тұрсынқұлов атындағы м/г, Аққұм, С.Рахимов атындағы ,Қақпақ, Ы.Алтынсарин атындағы, Шарбұлақ, т.с.с жалпы білім беретін мектептерінен 80 оқушы жолдама алып, жазғы демалысты көңілді әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік алды.
Жыл сайын жаз мезгілінде балалардың демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында өткізіліп келе жатқан бұл шара биыл да өз жалғасын табуда.
Жергілікті білім бөлімі балалардың жазғы демалысы мен сауықтыру шараларына ерекше көңіл бөлуде.
Жазғы сауықтыру лагерінің мақсаты – балалардың жазғы демалысын қызықты әрі қауіпсіз өткізіп қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, достық пен ұжымдық қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосу. Балалардың алаңсыз демалуына барлық жағдай жасалған. Тәжірибелі тәрбиешілер мен медицина қызметкерлері оқушылардың тынығуын толықтай қамтамасыз етеді.
@qazaqstanhalqyna.kz Алғыс білдіреміз!