Аудан әкімі Арман Сабитов тиісті бөлім басшыларымен бірге аудан аумағындағы құрылыс жұмыстарының барысын тексерді. Аралау кезінде мердігер ұйымдардың өкілдерінен атқарылып жатқан шаруалар жөнінде мәлімет алып, белгіленген жоспарға сай жүзеге асуын назарға алды.
«Құрылыс сапасы мен тұрғындардың қауіпсіздігі әрдайым басты назарда болуы қажет. Барлық жұмыстар белгіленген талаптарға толық сәйкес жүргізілуі тиіс. Әрбір кезең жіті бақылауда болады», — деді А.Сабитов.
Тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар берілді. Құрылыс барысы әкімдік тарапынан тұрақты қадағаланып, жұмыстардың белгіленген мерзімде және талапқа сай аяқталуы қамтамасыз етіледі.