Аудан әкімі Арман Сабитов Ақсукенттегі жаңадан төселген жолдың сапасын көзбен көріп, бақылап шықты. Жол – жұртқа жайлы, ұзаққа шыдамды болуы тиіс екенін атап өтті. Асфальттың тегістігі, төсеу тәсілі, әрбір бөлігі мұқият тексерілді.
– Жолдың сапасы – тұрғындардың қауіпсіздігі мен күнделікті тұрмысына тікелей әсер етеді, – деді А.Сабитов.
Халыққа қолайлы жағдай жасау – басты міндет. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, аудан көшелері алдағы уақытта көркейе түспек.