Түркістан облысы құрылыс басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушысы Абай Турханов бастаған мамандар арнайы іссапармен ауданына келді.
Сапар барысында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қырғызалиев Бақыт Тұрсынәліұлымен бірге бірқатар маңызды құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.
Атап айтқанда, Бәйдібек ата су қоймасының құрылысын аралады. Аталған жоба облыстық құрылыс басқармасының тапсырысы негізінде іске асырылып жатыр. Жалпы конкурстық құны 15,7 млрд теңгені құрайды, Құрылыс жұмыстарын «МК Технострой сервис» ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асыруда. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың қазан айында басталып, 2026 жылға өтпелі кезеңмен аяқталады деп жоспарланған.
Әрі қарай Шақпақ елді мекеніндегі жалпы құны 431,5 млн теңгені құрайтын спорт кешенін аралады. бүгінгі таңда оның 300,0 млн теңгесі игерілді. Құрылыс жұмыстарын «Real Story Invest» ЖШС жүргізуде. Жобалаушы ұйым – «МПК-Проект» ЖШС, техникалық қадағалаушы – «Орда Услуг» ЖШС. Құрылыс 2024 жылдың мамыр айында басталып, 2025 жылдың тамыз айында аяқталады деп күтілуде.
Сапар соңында Шаян елді мекенінде құрылысы жүргзіліп жатқан 300 орындық жайлы мектепті аралады. Бұл жоба «Самұрық-Қазына Құрылыс» акционерлік қоғамының тапсырысы негізінде жүзеге асырылуда. Жалпы құны 3 553,6 млн теңге болса, Мердігер – «Тамыз Құрылыс ББК» ЖШС, жобалаушы – «АРХИпелаг» ЖШС. Құрылыс 2024 жылы басталып, 2025 жылдың тамыз айында толық пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Аталған іссапар аясында жауапты сала мамандары тарапынан бірқатар техникалық және ұйымдастырушылық мәселелер бойынша ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта құрылыс қарқынын үдетіп, сапаны арттыру бағытында нақты тапсырмалар берілді.