Шымкентте “Жұмыспен қамту және халықтың табысын арттыру” бағыты бойынша бірнеше өндіріс орындары ашылды.
Жыл басынан 31 мыңнан астам азамат жаңадан ашылған өндіріс орындары мен істеп тұрған мекемелерге тұрақты түрде жұмысқа орналасты. Соңғы көрсеткіш бойынша мегаполисте жұмыспен қамту шараларына 52 мыңнан астам адам қатысқан.
Ал әлеуметтік көмек алушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 69 пайызға азайып, 15 600 отбасыны құрады. Былтыр 51 263 отбасы болатын.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл 24 мыңға жуық мұғалімнің еңбекақысы 25 пайызға, 17 мыңға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы 20 пайызға, ал денсаулық сақтау және спорт салаларында еңбекақы 25 пайызға өсті.
Жалпы алғанда, биылғы жылдың 9 айында орташа жалақы 22 пайызға өсіп, 229 889 теңгені құрады.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы шеңберінде биылғы жылға 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланса, жыл басынан бері 10 395 азамат жұмыспен қамту шараларымен қамтылғандығы туралы айтты.
Сонымен қатар, ұлттық жоба шеңберінде 1 632 жұмыссыз азаматтар жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес білім беру ұйымдарында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына жолдануда. Аталған ақысыз оқу мерзімі 3 ай. Білім алушыларға ай сайын 20 948 теңге шамасында шәкіртақы төленеді.
– Кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша ағымдағы жылы 1 150 адамға өтеусіз негізде мемлекеттік грант берілу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 226 азаматқа 400 АЕК көлемінде грант берілді. Ал, мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындары бойынша 4 819 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетіледі.
Бүгінгі күнге әлеуметтік жұмыс орындарына – 123, жастар практикасына – 1 295, ақылы қоғамдық жұмыстарына – 2 221, «Алғашқы жұмыс орны жобасына – 214, «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына – 6, ал «Күміс жас» жобасымен нақты – 7 адам жұмысқа орналасқан, — деді спикер.
Жыл соңына дейін 23 239 адамды бос және жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру көзделсе, қазіргі уақытқа дейін 5700 адам тұрақты жұмысқа орналасып отыр.
Айта кететін Шымкентте жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде алдынғы жылы 12 инфрақұрылымдық жоба нақтыланып, микрокредит беру және бизнесті дамыту бағыттары бекітілген болатын.
Жоба аясында 12 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. Атап айтқанда, 2 білім беру, 1 спорт, 1 сумен және 8 электрмен қамту нысандары бой көтеруде. Онда 392 жұмыс орындарын құру жоспарланса, оның ішінде 198 орынға азаматтар жұмысқа қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жолдау жоспарлануда. Бүгінде жоба аясында жалпы 230 азамат жұмысқа орналасса, орталық арқылы 154 азамат құрылыс жұмыстарына жолданды. Қазіргі таңда тартылған жұмыс күшімен нысандарда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.