• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТ: ҚАЛАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Автор:admin

Дек 5, 2022
Spread the love

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асылбеков Нұрлыбек ардагерлермен кездесті. Қаланың бас дәрігерімен кездесуге шақырылған қонақтар медицина саласының дамуына үлес қосқан ардагерлер.
Кездесу барысында сөз алған басқарма басшысы халық саулығын жақсартуда ардагерлеріміздің ақыл-кеңестері мен ой-пікірлерінің өте маңыздылығын атап өтіп, басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
“ Сіздермен кездесу біз үшін маңызды. Еңбектеріңізді ерекше құрмет тұтамын! Қалада денсаулық сақтау саласын жақсартуда көптеген жұмыстар атқарылуда. Бүгінде стационарлық деңгейде 15 мемлекеттік аурухана 3533 төсек орында және 25 жеке меншік аурухана 788 төсек орында қызмет көрсетуде.2022 жылы балалар үшін онкогематология, нефрология, интервенциялық кардиология, стоматология бөлімшелер ашылды. Жыл соңына дейін ерекше балаларға арналған ерте араласу және дамыту орталығын, офтальмология бөлімшесін ашу жоспарланды.
2022 жылы ересектер үшін эндокринология, онкогематология, нейрохирургия бөлімшелер ашылды. Жыл соңына дейін қосымша эндокринология, гастро-гепатологиялық және дермато-венерологиялық бөлімшелерін ашу жоспарланды”-деді басқарма басшысы.
Денсаулық сақтау саласының ардагерлері басқарма басшысының есебіне оң баға беріп, қызметіне табыс тіледі. Сондай-ақ, өздерін толғандырып жүрген мәселелерге тоқталды.
“Халық денсаулығы басты байлығымыз. Басқармаға жүктелген міндет ауыр. Жұмыстың табысты болуына тілектеспіз. Біз сияқты ардагерлердің басын қосып, жұмысты талқылағаныңа ерекше алғыс білдереміз”-дейді ардагерлер.
Кездесу барысында ардагерлер түрлі мәселелер бойынша ойларын ортаға салды. Жиын соңында денсаулық сақтау басқармасы жанынан ардагерлер кеңесін құру жоспарланды.
Еске салар болсақ, Шымкентте ерекше балаларға арналған мамандандырылған стоматологиялық кабинет ашылған болатын. Жаңадан ашылған кабинетте дәрігерлер церебральды сал ауруына шалдыққан және басқада мүмкіндігі шектеулі балалардың ауыз қуысы мен тісін арнайы әдіспен, наркоз беру арқылы жеңіл түрде емдейді.
Асардағы балалар ауруханасында ашылған стоматалогиялық кабинетте ақ халаттылар науқастарды тегін қабылдайды. Бұл үшін жергілікті емханадан пациенттің жолдамасы қажет.
Стоматологиялық кабинетте тісті емдеумен қатар ауыз қуысына диагностикалық тексеру жүргізіліп, бір жерден ем-дом тағайындалады.
Кабинет рентген, наркоз аппараты сынды қажетті жабдықтармен қамтылған.
Сондай-ақ, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1-6 жас аралығындағы балаларына 2022 жылға кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен орта есеппен 45 673 баланы қамтамасыз ету жоспарланған.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 16 033 азамат жұмысқа жарамды, оның ішінде өтініш берген кезде 12 193 азамат жүгіну кезінде жұмысы барлар.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика