• Вс. Июн 15th, 2025
Популярные метки

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА – ТЕМІРЖОЛ ӨТКЕЛІ САЛЫНУДА

Автор:admin

Июн 14, 2025
Spread the love

Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында теміржол рельстерінен өту барысында көлік кептелістері жиі орын алып, тұрғындардың күнделікті қатынауына кедергі келтіретін. Осы мәселені шешу және тұрғындардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, теміржол өткелінің құрылысы қолға алынды.

«Теміржол өткелін салу» нысаны бойынша құрылыс жұмыстары 2024 жылдың қараша айында жасалған мемлекеттік сатып алу шарттарына сәйкес жүргізілуде:
•Құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекеме – «Корпорация Береке А» ЖШС.

Бүгінгі таңда инженерлік желілерді қайта орнату жұмыстары 90%-ға, өткел құрылысы 30%-ға орындалды. Сонымен қатар, тірек қабырғаларын тұрғызу жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың қараша айында өткелді көлік қозғалысына ашу жоспарлануда.

Аталған инфрақұрылымдық жоба қаланың жол қозғалысын реттеуге, көлік кептелістерін азайтуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика