• Вс. Июн 8th, 2025
Популярные метки

АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ

Автор:admin

Июн 7, 2025
Spread the love

2025 жылдың 4 маусым күні Қазығұрт аудандық білім басқармасына қарасты Е.Тасанбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп жанынан ашылған жазғы демалыс лагерінде тәрбиелік маңызы зор іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара аясында әлеуметтік педагог Н.Артыкова мен педагог-психолог Ұ.Боранбаева «Армандар орындалады» атты ерекше тренинг өткізді.

Тренинг барысында балалар түрлі түсті әуе шарларына өз армандары мен болашаққа деген үміт, тілектерін жазып, аспанға ұшырды. Бұл әсерлі сәт балалардың арман-қиялын дамытуға, мақсат қою мен оған жету жолдарын ойластыруға үлкен серпін берді. Сонымен қатар балалар үшін тренинг эмоционалды жағынан қолдау көрсетіп, ынталандырушы рөл атқарды. Мұндай шаралар баланың өзіне деген сенімін арттырып, болашаққа үмітпен қарауына көмектеседі.
Жалпы жазғы лагерь — оқушылардың жазғы демалысын мазмұнды әрі тиімді өткізуге бағытталған тамаша алаң. Мұнда балалардың бос уақытын пайдалы өткізіп қана қоймай, олардың денсаулығын нығайтуға, шығармашылық және тұлғалық дамуына үлкен үлес қосылады. Осындай іс-шаралар арқылы балалар жаңа достар тауып, жағымды эмоциялар мен ұмытылмас әсерлерге ие болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика