• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ЖАСТАР ҚОҒАМДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРДЕН ШЕТКЕРІ БОЛА АЛМАЙДЫ

Автор:admin

Ноя 24, 2022
Spread the love

Шымкент қаласында 14-29 жас аралығындағы 245 178 жас бар. Бұл — қала тұрғындарының 21,7% құрайды. Бұл туралы Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Шотанов Мұратжан Шүкірханұлы жыл басынан бері басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар төңірегінде баспасөз брифингінде айтты.
Қалада 8 жоғары оқу орнында 75 мыңнан астам студент 290-ға жуық мамандық бойынша білім алып жатыр. Жыл басынан бері 32 000 жуық жасқа аудандық жастар ресурстық орталықтары қызмет көрсетті. Сонымен қатар, түрлі әлеуметтік бағыттар бойынша 380 іс-шара ұйымдастырылып, оған 160 мыңға жуық жас қамтылды.
Одан бөлек, Шымкент қаласы аумағында 9 ірі базардың жанынан «Жастар ұйымдары» ашылып, бірлескен жұмыстар жүргізіліп келеді.
Негізгі бағыттары базарларда жұмыс істейтін жастарды әлеуметтендіру және кәсіпкерлікті заңдастыру, шағын кәсіпкерлікті дамыту, спорттық іс-шаралар жүзеге асырылу бойынша «Шымкент қаласындағы NEET санатындағы жастар туралы» тұжырымдама әзірленіп, бекітілді. Тұжырымдамаға сәйкес, жұмыссыз жүрген 10 604 жастың тізімі жасақталып, оқуға түсу және жұмысқа орналасу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
-Республика бойынша NEET санатындағы жастардың орташа көрсеткіші 6,6%-ды құраса, Шымкент қаласында бұл көрсеткіш 6,1%-ды (13 768 жас) құрап отыр. 2021 жылмен салыстырғанда NEET санатындағы жастардың үлесі 0,5%-ға төмендеді- деді, басқарма басшысы.
Сондай-ақ, жоспарға сәйкес, «Мүмкіндіктер алаңы» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі 34 рет ұйымдастырылып, оған 5000 жас шақырылды. Жастар ресурстық орталығы жанынан «Мобильді топ» құрылып «Жастардан жастарға – ақпараттық керуен» жобасы ұйымдастырылып, шалғай елді мекендердегі 15 000 астам жасқа әлеуметтік көмек және бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Нәтижесінде, 14965 жастар мемлекеттік бағдарламаға тартылды.
Сонымен қатар, «Жасыл ел» еңбек жасақтары жобасы аясында 1313 жас шілде-қыркүйек айлары аралығында жұмыспен қамтылды.
«Жаңа өмір» жобасы аясында пробация есебінде тұрған 500 адамға психологиялық-консультациялық курстар, мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлікті меңгеру бойынша 10 семинар-тренинг ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 10 команда жасақталып, кіші футболдан турнир ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.
Нәтижесінде, 27 жас жұмыспен қамту орталығының қызметіне жүгініп, кәсіптік және техникалық оқу, «Бастау бизнес» жобалары бойынша оқуға жолданды, 166 жас жұмысқа орналасты.
Жастар арасында әскери патриоттық сананы қалыптастыруға бағытталған «Жас сарбаз» жобассы да нәтижелі болды.
Жастар арасында салауатты өмір салтын және патриоттық сананы қалыптастыру мақсатында «Шымкент жастар лигасы» ұйымдастырылып келеді. Биыл бұл жобаға 151 мектептен футбол, волейбол, баскетбол, шахмат ойындарынан 514 команда, жалпы алты мыңға жуық мектеп оқушылары қатысып, жеңімпаз әр командаларға демеушілер тарапынан 20 млн. теңгеден қаржылай сыйақылар берілді.
Лиганың 2022-2023 оқу жылына арналған үшінші кезеңіне 138 мектептен 514 команда, 5926 оқушы қатысуда. Бүгінде аудандық іріктеу ойындары жүргізілуде, 2023 жылдың маусымына дейін жалғасады. Сондай ақ, жоба аясында қаладағы үлгілі 10 отбасылар арасында спорттан жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.
Сонымен бірге, дарынды жастардың шығармашылығын шыңдау және қолдау мақсатында Шымкент қаласы әкімінің жүлдесі үшін республикалық «Күміс домбыра» жас ақындар айтысы мен «Күміс қалам» атты жас ақындар сайысы ұйымдастырылды.
Қаланың білімді әрі іздемпаз жастарына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жобасы жүзеге асырылып, үш бағыт бойынша жобаларға гранттық сыйлық берілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика