• Сб. Июл 5th, 2025
Популярные метки

Құқықбұзушылықтың алдын алу – басты міндет!

Автор:admin

Май 21, 2025
Spread the love

М.Әбенова атындағы жалпы білім беретін мектепте “Интернет алаяқтығы және лудомания – құқықбұзушылықтың алдын алу” және “Нашақорлыққа жол жоқ” тақырыптарында түсіндірме іс-шара өтті.
Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, оларды заманауи ақпараттық және әлеуметтік қауіптерден қорғау мақсатында М.Әбенова атындағы жалпы білім беретін мектепте арнайы ақпараттық-түсіндірме іс-шара өткізілді. Іс-шара екі өзекті тақырыпты қамтыды:
— “Интернет алаяқтығы және лудомания – құқықбұзушылықтың алдын алу”;
— “Нашақорлыққа жол жоқ”.
Мақсаты – жастарды қауіпті құбылыстардан сақтандыру:
Іс-шара барысында оқушыларға интернет алаяқтарының әрекет ету әдістері мен олардың құрбаны болудың алдын алу жолдары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, лудомания (ойынқұмарлық) және нашақорлықтың жеке тұлға мен қоғам өміріне тигізетін зияны туралы нақты мысалдар келтіріліп, бейнематериалдар көрсетілді. Бұл видеолар жасөспірімдерге өз іс-әрекеттеріне сыни көзбен қарауға, ақпараттық және әлеуметтік қауіптерге қарсы тұра білуге көмектесті.
Құқық қорғау және ішкі саясат саласының мамандары оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу, өз құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қиын жағдай туындағанда қайда және қалай жүгіну керектігі туралы пайдалы ақпарат ұсынды.
Іс-шараға қатысқан мамандар:
— С. Ержанқызы – Ішкі саясат бөлімі, “Жастар ресурстық орталығы” КММ инспектор маманы;
— Н. Асқаров – Түркістан қалалық полиция басқармасы, Криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция майоры;
— Б. Алтынбек – Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ, полиция аға лейтенанты;
— Қ. Қожаахмет – Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
— А. Таукебаева – Мектеп мұғалімі.
Оқушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, құқық қорғау мамандары тарапынан толыққанды әрі түсінікті жауаптар берілді. Балалар бейнероликтерді мұқият көріп, талқылауға белсене қатысып, құқықбұзушылықтың алдын алу жолдарын терең түсінді.
Бұл іс-шара – тек ақпарат беру емес, жастарды салауатты өмір салтына, заңға құрметпен қарауға, саналы таңдау жасауға баулудың жарқын үлгісі болды. Осындай кездесулер жасөспірімдердің өмірлік ұстанымын қалыптастырып, келешекте құқықбұзушылықтан бойды аулақ салуға ықпал етеді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика