• Сб. Июн 21st, 2025
Популярные метки

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ЖАСТАР 1700 МЕТРДЕН АСТАМ БИІКТІККЕ ТУ ТІКТІ

Автор:admin

Июн 4, 2025
Spread the love
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қазығұрт ауданында патриоттық іс-шара өтті. Өңірдегі “Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткен шарада аудан жастары қасиетті Қазығұрт тауының шыңына шығып, еліміздің мемлекеттік Туын тікті.
Шараның басты мақсаты – жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Айта кетейік, Қазығұрт тауы теңіз деңгейінен 1768 метр биіктікте орналасқан, ұзындығы 22 шақырымды, ал ені 10 шақырымды құрайды. Таудың шыңына көтерілу жастарға үлкен рухани серпіліс сыйлады. Шара барысында жастар мемлекеттік рәміздер туралы баяндама тыңдап, еліміздің тарихы мен тәуелсіздік жолындағы жетістіктерін еске алды. Іс-шара соңында қатысушылар Әнұранды бірге орындап, фотосессия ұйымдастырылды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика