• Вт. Июн 17th, 2025
Популярные метки

САРЫАҒАШ: «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Май 30, 2025
Spread the love

Бүгін Сарыағаш қаласындағы «Жеңіс» саябағында «Халық заңгері» атты жалпы республикалық акциясы өтті.
Аталған акцияға құзырлы және мемлекеттік органдар, дербес бөлім және мекеме басшылары мен мамандары қатысып, бірқатар тұрғындар заңдық кеңестер алды. Сонымен қатар, сот орындаушылар, адвокаттар және заң кеңесшілері өз кеңестерін берді. Әлеуметтік науқан кеңесшілері жүгінген азаматтардың барлық сұрақтарына жауап беріп, білікті ұсыныстар айтып, заң тұрғысынан көмек көрсетті. Құқықтық көмекке мұқтаж жандардың барлығы түйткілді мәселелерінің шешімін тауып, кеңесшілерге алғысын білдірді.Осы ретте, азаматтар бір заңгермен ғана шектелмей, бірден бірнеше мамандардан консультация алуға және берілген жауаптардың дұрыстығына көз жеткізуге мүмкіндік берді.
Айта кетсек, акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Сондай-ақ, әлеуметтік шиеленісті жою, мәселелерді шешу және мемлекеттік органдар мен еліміздің заңгерлер қауымдастығы өкілдерінен жеке құқықтық саладағы кез келген азаматтың проблемалық мәселелерін шешуге бағытталған құқықтық көмек көрсету болып табылды.»Халық заңгері» акциясы барлық қалаларда бір уақытта өткізіледі, сондай-ақ форматының бірегейлігі мен ауқымы бойынша тек Қазақстанда ғана емес, әлемде де теңдесі жоқ. Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттарының ұйымдастыруымен өткізіледі.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика