• Ср. Авг 6th, 2025
Популярные метки

БӘЙДІБЕК: ІШКІ ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Автор:admin

Май 29, 2025
Spread the love

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес Бәйдібек ауданы әкімдігіне бағынысты жергілікті атқарушы органдарда 2025 жылдың 21 сәуір және 4 маусым аралығында ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.
Осы ретте, бүгін аудан әкімі аппаратының басшысы Әуен Фазылбек Мұхаддасұлының төрағалығымен жүргізіліп жатқан ішкі талдау нәтижесін талқылау өтті. Жиынға ауданның дербес бөлім басшылары, ауылдық округі әкімдері және Бәйдібек аудандық “АМАНАТ” партиясының өкілі қатысты.
Жиын барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болуы мүмкін салалар мен тиісті құжаттарға тоқталып, тәуекелдердің алдын алу шараларын қабылдау жөнінде тапсырма берілді.
Сонымен қатар, талқылау барысында көтерілген мәселелер бойынша қажетті зерделеу жұмыстарын алдағы уақытта жалғастырады. Оған қоса,тиісті жұмыстарды күнделікті және тұрақты түрде жүргізу қажет екені ескертілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика