• Сб. Май 24th, 2025
Популярные метки

ҮШҚАЙЫҚТА ЖАҢА ӨНДІРІС АЙМАҒЫ ҚҰРЫЛУДА

Автор:admin

Май 24, 2025
Spread the love

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Үшқайық ауылдық округінде бой көтеріп жатқан жаңа өндіріс аймағына арнайы барып, құрылыс барысымен танысты. Жоба аясында 18 гектар жер теліміне 37 өндірістік жоба орналастырылмақ. Олардың қатарында жиһаз өндіретін кәсіпорын өз құрылыс жұмыстарын бастады.
Аудан басшысы кәсіпкермен жүздесіп, өндірісті дамыту жолындағы кедергілер мен қажеттіліктерді талқылады. Әкімдік тарапынан инфрақұрылым тарту, құжаттарды рәсімдеу мен рұқсат беруді жеңілдету бойынша жан-жақты қолдау көрсетілетіні айтылды. Су, жарық және жол секілді негізгі жүйелер кезең-кезеңімен тартылады деді аудан басшысы.
Бұл аймақтың ашылуы жүздеген жұмыс орнын құрады. Жергілікті өніммен ішкі нарықты қамтамасыз етеді. Халықтың табысын арттырып, ауданның салық базасын кеңейтеді.
«Шағын және орта бизнесті дамыту – біздің басты мақсатымыз. Үшқайықтағы өндірістік аймақ – ауданның индустриялық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам», – деді аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, деп хабарлайды Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика